Internews медиа жетекшілерді бизнес жөнінен жаңа нәрсені оқып-білуге, үйренуге шабыттандырады.
Ірі бизнес-холдингтің жобаларды басқару жөніндегі менеджері, әлемдік брендтермен жұмыс істеген маркетинг жөніндегі конкультант, Қазақстандағы ең табысты супермаркеттер желісінің HR-директоры.
Мінеки, Орталық Азиядағы табысты да көпке белгілі мұндай мамандарды үлкен бизнес-форумда ғана жиналуы мүмкін. Бірақ, олар өздерін басқа қырынан көрсетіп, Internews медиабизнес күндізгі мектебінің оқытушыларына айналды. Орталық Азиядағы медиа жетекшілерінің қызмет құзіретіне жасалған талдау қорытындысы – редакцияларды көбіне көп бұрын журналист не техникалық маман болып қызмет еткен адамдар басқаратын көрсетті. Бұл олардың жақсы контент дайындағанымен де өкінішке қарай, бизнесті жолға қоюына көмектеспейді. Орталық Азиядағы медиада бизнестен расымен де хабары бар, мысалы шын бизнес-ситуацияларды талқылауды оқытатын, яғни басқару жөніндегі магистратура – MBA-ны оқыған менеджерлер аз.
Сондықтан да Internews медиабизнес күндізгі мектебін #mediaMBA деп атадық, мұндағы оқытушылар тәжірибелік мамандар болды.
«Біздің мектебімізді «MBA-ға кіріспе» деп те атауға да болады»,-дейді Қазақстандағы Internews жетекшісі Ержан Сүлейменов.
— Біз менеджерлерді өз бизнесіне ірі бизнес-компаниялардың әдіс-тәсілдеріне сүйеніп қарауды, қандай мәселелері барын бағамдауды, бизнестің түрлі саладағы дамуына көмектесетін стратегиияларды, трендтерді қолдана білгенін қаладық,-деді ол.
34 жастағы Екатерина Фишер «Өркен-медиа» телеарнасын басқарады. Бұл Қазақстанның орталығындағы Балқаш қаласының 75 мың адамдық аудиториясына жергілікті ақпаратты жеткізетін жалғыз медиа. Телеарна күн сайын жергілікті жаңалықтарды қазақ және орыс тілдерінде таратады. Қаладағы жалғыз ақпараттық сайтты жасайды. Әйткенмен, шағын қалаларда жарнама нарығы дамымаған. Қаладағы жалғыз медианың өзіне шығынын жабу аса қиынға соғады.
«Үлкен бизнестегі кәсіби мамандармен, ірі клиенттермен жұмыс істеуге мүмкін болды. Бірақ біз бар білім-тәжірибеміздің шамасымен олардың маңына қалай жақындайтынымызды да білмейміз. Медиабизнес күндізгі мектебінің басты пайдасы – шабыт сыйлайтыны. Күнделікті шұғыл жұмыс барысында бизнестің стратегиялық дамуына назар аудармаймыз. Мұны жасау да қиын. Әйткенмен, қаншалықты маңызды екенін түсініп түйін жасадым»,-деді Екатерина.
Қазақстандағы медиабизнестің дамуына нарықтағы парадоксалды жағдай да әсер етеді. Қазір елдегі барлық жарнама берушілерден түсетін ақша – мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінетін қаржыдан аз. Мемлекет қаржысын алатын медиалар өз жарнама өнімдерін дамытуға аса мұқтаж еместігінен де артықшылықтарға ие болып отыр. Олармен тек бизнес-құралдарды қолдана отырып қана бәсекелесуге болады.
«Біз аудиториямызды өте жақсы түсініп, оның төлемқабілеттігін жақсы білуіміз керек. Қаншалықты табыс түсетінін білу үшін нарықтағы жағдайды объективті түрде бағамдаған дұрыс. Егер бұл қаржы жетіспесе, онда клиент тартудың басқа да жаңа жолдарын іздестіру қажет. Бәлкім, жарнама берушіге оның қажет аудиториясын ұсынсақ, онда бәсекелестеріміздің табысының бір бөлігін алуымыз да мүмкін»-дейді медиа-маркетинг жөніндегі сарапшы Андрей Доронин.
Бизнесті бағамдауда SWOT-талдау әдісін қолдану, шығармашылық үшін емес, жарнама берушінің мәселесін шешу үшін жаңа коммерциялық ұсыныстар әзірлеу, жұмыстағы ішкі процесстерді өзгерту және редакция қызметкерлерін ынталандыру – мұның бәрі де Internews тренингіне қатысушылардың өз медиасына ендіруге ұмтылатын өзгерістерінің бір парасы. Күндізгі мектеп олардың медиа-бизнес бойынша жаңа нәрсені үйренуіне расымен де шабыттандарды.
Медиабизнестің күндізгі мектебі АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азия аймақтық бағдарламасы аясындағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» негізінде Қазақстан және Тәжікстанда өтті.