Қазақстан медиақауымдастықтарын қолдауға арналған гранттар байқауы

0
90

Internews Орталық Азияға арналған CAMP медиа бағдарламасы шеңберінде Қазақстан медиақауымдастықтарын қолдауға арналған гранттар байқауын жариялайды.

Кәсіби мамандар медианарықтың дамуында өзін-өзі реттеудің аса маңызды екенін түсінеді. Бұл мемлекеттік бақылауды азайтуға, редакцияның еркіндігін сақтауына, контент сапасын жақсартуға және тарататын ақпаратқа жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Біз медиақауымдастықтардың журналистер қоғамдастығының өзін-өзі реттеу механизмдерін дамыту, биліктің мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу және кәсіби ортаны медиа саласындағы өзін-өзі реттеу институттарының қызметі жөнінде хабардар етуді жақсартатын потенциалын жетілдіруге көмегімізді ұсынуға әзірміз.

Өтінім аясына мына аталған бағыттарда іс-шаралар ұсынуыңыз қажет:

  • Ұйымыңызды институционалды қолдау, жаңа қатысушыларды тартып, қосу, байланыс ауқымын кеңейтіп және оны нығайту, сіздің ұйым мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін серіктестермен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты нығайту;
  • өзін-өзі реттеу механизмдерін ендіру және дамыту;

Өтінімде қауымдастықтың потенциалының дамуын, медиақоғамдастықтарды қолдау стратегиясын және өзін-өзі реттеу бойынша қабылданған тәжірибені қалай көретініңізді жазыңыз.

Жоба 2019 жылы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы міндетті. Қажет болғанда жобаны жүзеге асыру мерзімін 2019 жылдың желтоқсан айы соңына дейін создырту мүмкін.

Әділқазылар келіп түскен ұсыныстарды бағалауда өтінім берушінің медиасаладағы тәжірибесіне және өз қатысушыларының потенциалын жетілдіре алуына, заманауи медианарық жағдайында белсенді дамыту стратегиясына, өз қатысушыларының мүддесін қорғауда мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасына, ұсынылған нәтижелердің мұқият ойластырылған көрсеткіштеріне және шынайы бюджеті сынды критерийлеріне қарайды. Жеңімпаздарды электронды пошта арқылы хабардар етеді.

Өтінім формасын мына сілтемеден, ал бюджет формасын мына сілтемеден жүктейсіз. Толтырылған өтінім және бюджетті 2019 жылдың 24 наурызы Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін [email protected] электронды поштасына жіберіңіз.

Барлық сұрақ бойынша [email protected] электронды поштасына хат жазыңыз. Келіп түскен сұрақтар жауабымен қоса Internews.kz және newreporter.org сайттарының хабарландыру бетінде комментарий түрінде сәтімен жарияланады.

Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен CAMP Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз. Қазақстандағы Internews ұйымы туралы толығырақ мұнда жазулы.