БайқауларНұр-Сұлтанда Орталық Азияның медиа құқық мектебі өтеді

Нұр-Сұлтанда Орталық Азияның медиа құқық мектебі өтеді

«Правовой медиа-центр» қоғамдық қоры 6-7 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өтетін Орталық Азияның медиа құқық мектебіне қатысуға байқау жариялайды.

Медиа құқық мектебінің мақсаты – медиазаңгерлердің сотта және сотқа дейінгі сатыларда (диффамация, зияткерлік меншік, жеке өмірін қорғау) БАҚ-ты қорғау, индустриалды қырлары (БАҚ иесі туралы мәліметтердің ашықтығы, демонополизация және т.б.), заң шығару қызметіне қатысу, ақпаратқа қол жеткізу, құқықтық ортаға мониторинг жасау және талдау, пікір білдіру бостандығына қатысты халықаралық тәжірибе бойынша білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру,

Медиа құқық мектебіне қатысуға аймақтық және республикалық масс-медианың заңгерлері, тәуелсіз заңгерлер, адвокаттар, медиасарапшылар шақырылады.

Спикерлердің қатарында Ресей, Украина және Қырғызстанның сарапшылары бар. Қатысу үшін мына өтінімді толтыру қажет. Мектепте оқу тегін. Ұйымдастырушылар тарапынан жол және жатын шығыны өтелетін қатысушылар саны шектеулі.

Медиа құқық мектебі АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігінің Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи