Қазақстандағы медиақоғамдастықтың сұраныстарын бағалау

0
646
оценка потребностей медиасообщества

Қазақстандағы Internews агенттігі медиақоғамдастықтың сұраныстарын бағалайды. Медиамамандардың арасында сауалнама жүргізіледі, нысаналы топтарда проблемалар талқыланады және тереңдетілген сұхбаттар жасалады.

Анкета сұрақтарына дәл қазір жауап бере аласыз. Ол жеті блок сұрақтардан тұрады. Бір бөлігі жабық, оларға сіздің пікіріңізше дұрыс жауапты белгілеу керек, ал ашық бөлігіне қатысты пікіріңізбен жариялы түрде бөлісе аласыз. Анкетаны толтыруға 10-12 минут жұмсайсыз. Жауаптарды 2019 жылдың 30 шілдесіне дейін жинаймыз.

Анкета мыналарды бағалауға мүмкіндік береді:

  • Қазақстандық БАҚ саласындағы заңнама, сол заңнама отандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қаншалықты септігін тигізеді немесе керісінше қиындатады;
  • БАҚ-тың қаржылық ахуалы — тұрақтылығы, қаржыландыру көздері, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының қаржылық тұрғыда тәуелсіз болуға және өзіндік ақпараттық саясат жүргізуге мүмкіндігі бар ма;
  • Қазақстандағы медианарыққа қандай факторлар барынша әсер етеді;
  • Қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайы, журналистер мен контентті түзуші мамандардың барлығы шығармашылық, қаржылық, кәсіби мамандар ретінде және өз елінің азаматтары ретінде өз жағдайына қаншалықты көңілі толады;

Егер анкетаны толтырғаннан кейін “тақырып толығымен ашылған жоқ” деп санасаңыз, арнаулы бөлімде өз бақылауларыңызбен бөлісуге мүмкіндігіңіз бар: сізді барынша толғандыратын мәселе, не БАҚ-тың меншік иелерінен немесе басшыларынан, әріптестеріңізден, сондай-ақ, мемлекеттік органдардан қандай өзгерістерді күтесіз. Егер нысаналы топ (фокус-группа) қатысушысы болғыңыз келсе, онда мына мекенжайға жазыңыз: natalya.kovalyova[email protected]gmail.com.

Қандай да бір белгісіз себеппен мәтін арасындағы анкета көрінбесе, мына сілтемеге өтіп, тікелей жауап бере аласыз.

Зерттеу MediaCAMP жобасы аясында жүргізілуде.