БайқауларМедиасауаттылық: белсенділерге және зейнеткерлерге

Медиасауаттылық: белсенділерге және зейнеткерлерге

Қазақстан коммуникатив қауымдастығы маусым айында Алматыда медиасауаттылық тренингтерін өткізеді. Қатысу тегін.

Заманауи адамға түрлі арналардан үлкен көлемде ақпарат ағылады, сондықтан ақпарат тым көп ортада ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырату қиынға соғады. Медиасауаттылық сыни пайым жасап, медиаконтентті таңдап-талғап қабылдап, жалған ақпаратты анықтауға көмектеседі. Тренингтерді Қазақстан коммуникатив қауымдастығының директоры Багиля Ахатова өткізеді.

11-12 маусымда азаматтық белсенділерге арналған тренинг болады.

Тренинг тақырыптары:

Әлеуметтік БАҚ-тағы этика

Ақпарат және жалған ақпарат

Пропаганда және манипуляция жасау

Өшпенділік тілі. Троллинг.

Фактчекинг – пост-шындықпен күрес тәсілі ретінде

Жаңалық контентін жасау.

14 маусым мен 28 маусымда 60 жастан асқандарға медиа және цифрлы сауаттылық тренингі өтеді

Қатысушылар тренингте «заманауи адам неліктен медиасауатты болуы қажет, пропаганданы және манипуляцияны қалай ажыратымыз», деген сауалдарға жауап алады.

Тренинг ұзақтығы: 1 күн, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады. Арасында кофе-брейк және түскі асқа үзілістер болады.

14 маусымда орыс тілінде,

28 маусымда қазақша аудармасымен болады

«Қазжол» қонақүйінде болады. Орын саны шектеулі. Тіркелу қажет.

Өтінімді мына e-mail поштаға жолдайсыз: kazkatr@mail.ru ҮйлестірушіЖанара Исакова.

Медиасауаттылық тренингтері АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өтеді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи