БайқауларInclusive Content Lab: өтініш қабылдау басталды

Inclusive Content Lab: өтініш қабылдау басталды

Қарағанды облыстық экологиялық музейі журналистерді, экология сарапшыларын және азаматтық белсенділерді 23-25 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Inclusive Content Lab – медиажобалар лабораториясына қатысуға шақырады.

Қатысу – тегін. Қабылданған өтініштерді комиссия қарастырады және соның нәтижесінде қатысушылар тізімі құрылады. Байқау негізінде анықталған қатысушылардың тамақтану және жол шығындарын ұйымдастырушылар көтереді.

Өтініш жіберудің соңғы күні: 2019 жылдың 5-тамызы, сағат 09:00 дейін.

Inclusive Content Lab дегеніміз не?

Инклюзивті контент Лабораториясы – қоғамдағы әртүрлі топ өкілдеріне бірдей мүмкіндік ұсынатын инновациялы іс-шараның жаңа форматы. 2019 жылдың тақырыбы – экология. Биыл Инклюзивті Контент Лабораториясын Қарағанды облыстық экологиялық музейі ұйымдастырып отыр.

Өтініштер Қазақстанның барлық аймағынан қабылданады. Команда құрамы медиа (журналистер, блогерлер) және қоғамдық ұйым (көшбасшылар, экология сарапшылар, азаматтық белсенділер т.б.) өкілдерінен құралуы шарт. Қатысушылар байқау негізінде іріктеледі.

Өтініште нақты проблеманы шешуді көздейтін медиажобаның толықтай сипатталуы, медиажобаның нақты аудиториясы, іс-шараны жүзеге асыру тетіктері (сервистер, контент жеткізу каналы және жобаның технологиялық ерекшеліктері, танылу және аудиторияны тарту), медиажобада қандай нәтижелерге қол жеткізу (қанша адамды қатысады, қандай іс-шаралар өткізіледі, қорытындысы және т.б.) көзделгені, топ құрамы, жобаның инновациялығы, техникалық қолдаудың қажеттілігі көрсетілуі тиіс.

Ұқсас медиа-ақпараттық эко-кампанияның мысалы сипатталған жобаларға басымдық беріледі.

Өтінішті толтыру үшін мына сілтемеге өтіңіз.
Командалар Лаборатория аясында экологиялық медиажоба идеясын тәжірибелі тренерлерден құралған халықаралық команда көмегімен жетілдіре түседі. Тренерлер дизайн, адаптация және экологиялық ақпаратты тарату бойынша сессиялар өткізеді.

Inclusive Content Lab (ICL) Қазақстандағы Internews өкілдігімен бірлесіп, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи