Internews MediaPass конференциясына тіркеу басталды

0
1556
mediapass

2019 жылдың 6 қыркүйегінде Алматыда Internews MediaPass конференциясы өтеді. Бұл іс-шара медианарық, маркетинг және жарнама саласының кәсіби мамандарын, заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен оқу-ағарту қауымдастығы өкілдерінің басын қосады.

Конференция қатысушылары медиасаланың мәселелерін талқылап, шешу жолдарын іздейді.

MediaPass шеңберінде панелді талқылаулар, Internewsтің A2i («Ақпаратқа қол жеткізу») бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың презентанциясы, шеберлік сабақтары және интерактив ойындар өтеді.

Қызығушылық танытқандардың бәрін конференцияға қатысуға шақырамыз. Қатысу – тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет. Аты-жөніңізді [email protected] электронды поштасына жолдаңыз.

Конференция өтетін орынның мекенжайы: Smart Point, амфитеатр, Байзақов көш., 280, Алматы, Қазақстан

Конференция бағдарламасы

8:30-9:00Тіркеу
9:00-9:30USAID/Internews алғысөзі. A2i туралы қысқаша сипаттамамен конференцияның ашылуы
9:30-10:45Панелді талқылау: Аймақтық медиа «қоғамдық жүктемесі бар» бизнес ретінде

Қатысушылар: 1) Екатерина Назаренко (Петропавловск News, Петропавль) 2) Геннадий Скрагленко («Лада», А), 3) Алмат Сулейменов («Алау», Қостанай), 4) Дильмурад Рахимов (IMS, Алматы), 5) Руслан Никонович («Новое ТВ», Қарағанды)

Модератор: Зарина Ахматова, Internews

10:45-11:00Кофе-брейк
11:00 -11:30“Еті тірі адамдар” туралы жобалардың презентациясы: «Ерлер ел ішінде», сошал-медиа-кампейндер, азаматтық журналистер желісі

Қатысушылар: «Ерлер ел ішінде» (Анжелика Чуднецова-Волкович, ТКТ, Теміртау), «Қорғау 123» (Салтанат Мурзалинова-Яковлева, Алия Кадралиева, ОФ CSR CA, Алматы), «Ауыл әйелдері» (Петропавловск News), «Азаматтық журналистер» (Дмитрий Ким, NewTime, Астана), Teens (Светлана Богатырёва, Алматы).

Модератор: Анна Сухачёва

11:30-13:00Шеберлік сабағы: «Естілмейтін дауыстарМедиа айналасында комьюнити жасау тәсілдері (аудиторияны кеңейту және әлеуметтік мәселелерді шешу)

Спикер: Мария Рзаева («Бумага», С-Пт., Россия).

13:00-14:00Түскі ас
14:00 -15:30Панелді талқылау: «Медиалар арасында және медианың өз ішіндегі даулар: өзіміз шешеміз бе, әлде билік шешіп бере ме?»

Қатысушылар: Адиль Джалилов («Медианет», Алматы), Михаил Дорофеев («Информбюро», Алматы), Диана Окремова («Құқықтық медиа-орталық», Астана), Вадим Борейко (журналист, Алматы), Ольга Диденко (Internews), Руслан Бахтигареев (журналист, Алматы).

Сот журналистерінің этика кодексі таныстыру. Динара Жаркеева (Сот журналистерінің лигасы, Алматы).

Модератор: Ольга Диденко

15:30-15:45Кофе-брейк
15:45-17:00«Медиасауатқа саяхат» интерактив ойыны

1 станция. Орталық Азиядағы (Қазақстан) жаңалық материалдарын тұтыну моделдері. Галия Ибраева.

2 станция. Фактчекинг. Евгений Хабаров.

3 станция. Ақпарат беру және пропаганда. Зарина Канафина, Багиля Ахатова.

4 станция. Біз тарататын “таңу” сөздер. Асель Джанабаева.

5 станция. Интернетте өзіңді қалай ұстау керек? Наташа Романенко.

6 станция. Медиасауат туралы оқулықты таныстыру. Гульнар Асанбаева.

Жүргізушілер: Евгений Хабаров, Зарина Канафина

MediaPass конференциясын Internews ұйымы ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы шеңберінде өткізеді. Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатыр.