Байқау: медиаға арналған акселератор ұйымдастыру

0
321

Қазақстандағы Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында медиаға арналған акселератор ұйымдастыратын серіктестер іздеп жатыр. Өтінімдер 2019 жылғы 15 желтоқсанға дейін қабылданады.

MEDIA ACCELERATOR – жаңа форматтардағы медиа мен жастар медиасына арналған онлайн білім беру алаңы. Оған 6 редакция қатысады: Қазақстаннан 3 және Тәжікстаннан 3. Қатысушылар Internews өткізетін ашық байқау негізінде іріктеледі.

Акселератор бағдарламасы 8 ай (ақпан айынан бастап қыркүйекке дейін) өткізіліп, келесі кезеңдерді қамтуы тиіс:

  1. 4 ай ішінде қатысушыларға контент-жоспарлауды, қаржылық тұрақтылықты және стратегиялық дамытуды оқыту. Сабақтар апта сайын өткізіліп, үй тапсырмалары беріліп және оларды тексеріп, талқылап отыруы тиіс.
  2. Қазақстан мен Тәжікстанда акселераторға қатысушылар арасында байқау ұйымдастырып, бір жеңімпазды анықтау.
  3. жеңімпаз редакцияларға 4 ай ішінде менторлық қолдау көрсету.

Internews жеңімпаздарға осы кезеңде дамытуға гранттар береді.

Серіктестікке кәсіби медиа мамандарға білім беру саласында тәжірибесі бар коммерциялық емес және коммерциялық медиа ұйымдар өтінім бере алады.

Өтінім беруші ұсынуға тиіс құжаттар:

  • оқытудың бағдарламасы;
  • оқыту сессияларының саны және олардың форматы;
  • тренерлердің тізімі және олардың тәжірибелері;
  • оқыту және мониторинг әдістемесі;
  • оқытудан кейін көрсетілетін менторлық қолдаудың форматы;
  • медиаакселератордың алдын ала бюджеті.

Байқау жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңнен тұрады:

  1. өтінім берушілердің әлеуетін бағалау және байқауға қатысушы негізгі үміткерлер тізімін анықтау.
  2. өтінім және бюджет мазмұнын өтінім берушілермен талқылау.

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2019 жылғы 15 желтоқсан.
Internews түпкілікті шешімін 2019 жылғы 25 желтоқсанына дейін қабылдайды.

Өтінім беру үшін онлайн-форманы толтырыңыз.

Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратуымыз мүмкін.

Барлық сұрақтар бойынша [email protected] электронды поштасына хабарласыңыз.

Жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.