ГранттарБайқау: медиа және меморгандардың тиімді коммуникацияларын құруға грант

Байқау: медиа және меморгандардың тиімді коммуникацияларын құруға грант

Internews медианың тиімді коммуникацияларын құру және оның сот, заң шығарушы, атқарушы органдармен өзара әрекеттестігі бойынша серіктес іздейді, бастамасын қолдайды. Біз медиа мен биліктің арасындағы қарым-қатынас – мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу толық түрде және негізгі халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз етілген қоғамда ғана реформалар, экономикалық өсу, өрлеу мен өркендеу мүмкін болады деген түсінікпен қалыптасуы қажет, деп сенеміз.

Біз медиалық ҮЕҰ-ның (үкіметтік емес ұйымдардың) (1) медиа мен билік арасындағы серіктестікті қолдауға және дамытуға; (2) коммуникациялар мен өзара әрекеттестіктің тиімді әдістері мен тәсілдерін іздеуге бағытталған бастамаларын іске асыруда қаржылық көмек көрсетуге дайынбыз.

Біз ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі ұсыныстарды күтеміз:

1. Медиа, сот және биліктің өкілдік органдарының өкілдерін оқыту бойынша іс-шаралар;

2. Медиа мен олардың серіктестерінің мүдделеріндегі заңдарға немесе заңға тәуелді актілерге өзгертулер енгізу бойынша бастамалар.

Өтініште сіз өзгерткіңіз келетін жағдайды және оның жобаны жүзеге асырғаннан кейін қалай өзгеруі мүмкін екендігі, іс-қимыл стратегиясы, нәтижелерді бағалау туралы баяндап беруіңізді өтінеміз. Жоба 2020 жылғы қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Қазылар алқасы ұсыныстарды өтініш берушінің медиа саласындағы тәжірибесі және өзінің қатысушыларының әлеуетін арттыру тәжірибесі, қазіргі заманғы медиа нарығындағы белсенді даму стратегиясы, өзінің қатысушыларының мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы, жарияланған нәтижелердің ойластырылған көрсеткіштері және нақты бюджет сияқты өлшемдер бойынша бағалайды. Жеңімпаздар туралы электрондық пошта бойынша хабарланады.

Өтінішті 2019 жылдың 29 қарашасы, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:00-ге дейін толтыру қажет.

Барлық сұрақ бойынша kz-info@internews.org электрондық мекенжайына хабарласуыңызды өтінеміз. Жауаптар қойылған сұрақтармен бірге олардың түсуіне қарай Internews.kz және newreporter.org хабарлама парақтарында пікірлер түрінде жарияланады.

Осы жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өткізіледі. Бағдарлама туралы мұнда жазылған. Қазақстандағы Internews туралы мына беттен оқи аласыз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи