Байқаулар«Сұхбат технологиясы» тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

«Сұхбат технологиясы» тренингін ұйымдастыруға байқау жарияланды

Қазақстандағы Internews MediaCAMP бағдарламасы аясында журналистер мен блогерлерге арналған сұхбат технологиясы тренингін ұйымдастыратын серіктес іздейді.

Серіктестікке медиа-білім беру саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі бар, кез-келген меншік түріндегі медиа ұйымдар шақырылады.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде, күндізгі (offline) форматта, 3 жұмыс күні ішінде өткізіліп, Қазақстанның әр түрлі қалаларынан кем дегенде 30 журналист оқытылуы тиіс. Ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде – екі тренинг немесе синхронды тілдік аудармамен жалпы бір тренинг өткізу қажеттігін өзі шешеді.

Тренинг бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтуы қажет : сұхбатты жоспарлау, сұхбат үлгісі, кейіпкерді таңдау, сұхбатқа дайындық, сұхбат стилі, әртүрлі платформаларға байланысты сұхбаттың өзіне тән ерекшеліктері, сұхбат жанрындағы соңғы трендтер. Трендтерді Қазақстан мен таяу шет елдердің танымал журналистерін мысал ретінде қолдана отырып талдау қажет.

Іріктеу барысында гендерлік теңгерім сақталуы тиіс.

Өтініш беруші төмендегілерді ұсынуы қажет:

– алдын-ала тренинг бағдарламасы;
– құзыреттіліктері мен тәжірибелері сипатталған тренерлер тізімі;
– қатысушыларды шақыру және таңдау әдістері;
– жаттығудан кейінгі қолдау форматы;
– тренингтің / тренингтердің алдын-ала бюджеті.

Тренинг 2020 жылғы наурыз айының аяғында аяқталуы тиіс.

Өтініштерді қабылдаудың соңғы күні: 20 желтоқсан, 2019 жыл.

Конкурс жеңімпаздарын анықтау екі кезеңнен тұрады:

1) өтініш берушілердің әлеуетін, медианарық қажеттіліктерін түсінуін, ұсыныстарының инновациялылығын бағалау. Байқауға қатысушылардың қысқаша тізімі анықталады
2) қысқа тізімге енгізілген өтініш берушілермен жобалар бюджеті бірлесіп бағаланады, сондай-ақ тренинг бағдарламасы бойынша сұхбат өткізіледі.

Internews соңғы шешімді 2019 жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылдайды.

Өтініш беру үшін онлайн-форманы толтыруыңызды өтінеміз.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша kz-info@internews.org электрондық мекенжайына хабарласуыңызды өтінеміз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи