“Азаматтық журналистер” желісін құруға гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

0
1358

Қазақстан мен Тәжікстанда азаматтық журналистер желісін құруға берілетін гранттар байқауының жеңімпаздарын іріктеу өтті. Байқауға Қазақстаннан – 22, Тәжікстаннан – 8, барлығы 30 өтініш келіп түсті.

Қазақстан мен Тәжікстанның медиасарапшыларынан құрылған халықаралық әділқазылар алқасы өтініштерді мына жеті критерий бойынша бағалады:

  • Медианың орнықтылығы;
  • Азаматтық журналистермен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Нақты сол медиаға азаматтық журналистер желісін құрудың қажет екеніне анық негіздеме;
  • Журналистерді оқыту-үйрету тәжірибесінің болуы;
  • Internews ұйымының грант қолдауынан тыс орнықтылыққа жету жоспарының болуы;
  • Азаматтық журналистерді оқыту-үйретуге дайын болуы;
  • Азаматтық журналистерді іріктеу және тарту бойынша айқын стратегиясының болуы;

Жеңімпаздар тізімі:

Қазақстан

  • NewTimes.kz АА;
  • Қазақстанның Сот журналистері лигасы;
  • Tilshi.kz;
  • Петропавловск.news өңірлік сайты;
  • Қостанайдың облысының «Наша газета» апталығы;
  • Ұйымдар коалициясы: «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі («МИСК»), «Семей қаласының жас журналистер қауымдастығы», «Семей айнасы» ақпарат агенттігінің редакциясы, Factum.kz ақпарат агенттігінің редакциясы;

Тәжікстан

  • Тәжікстанның журналистік зерттеу орталығы, «Сугднюс» АА;
  • «Азия-Плюс» АА;
  • «Пайванд» ТРК;
  • «Оила» медиахолдингі

Жеңімпаздарға берілетін қолдаулар:

  • Азаматтық журналистер желісінің үйлестірушісіне қаржылай қолдау;
  • Бастапқы кезеңде қатысушылардың қаламақысын төлеуге грант;
  • Құрылған желі үйлестірушісіне қашықтан тәлімгер болу;

Қандай да бір сұрақ туындаса, электронды поштамызға хат жазыңыз:
Қазақстан: kz-info@internews.org
Тәжікстан: tj-info@internews.org

Грантқа қатысты сұрақтардың жауабын мына бетте жазылған.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.