Internews 2020 жылдың 14-19 қыркүйегінде Орталық Азия елдерінде екінші рет MediaCAMP Fest фестивалін онлайн-форматта өткізді. Алты күнге созылған фестиваль түрлі оқиғаларға, жарқын көңіл-күй, кездесулер, пікірсайыстар мен талқылауларға толы болды. Қатысушылар кәсіби сұрақтарға жауап іздеп, жаңа білім алды.
Биылғы MediaCAMP Fest-те тәжірибе алмасу мен пікірталас алаңынан бөлек, Орталық Азия, Ресей және Украинаның медиамамандары шектеуден шығып, кедергілерді жеңуді үйренді.
— Өмір кез келген өзгеріске дайын болу керек екенін дәлелдеп жатыр. Биыл MediaCAMP бағдарламасы аясында екінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль біздің өзара қарым-қатынасымыз маңызды екенін көрсетті,-дейді Қазақстандағы Internews өкілдігінің директоры Марат Бигалиев.
Сіз бұрын-соңды марафонға қатыстыңыз? 10 сағатқа созылған онлайн-марафонға ше? 12 000 көрермен, 70-ке жуық сарапшы MediaCAMP Fest ашылу күнінде бірін-бірі қолдап, марафонға қатысты.
Бүгінгі медианың ең өзекті мәселелерін: журналистер пандемия кезінде қалай жұмыс істегенін, не жасап, нені жасай алмағандарын, фейктер қалай пайда болатынын, Орталық Азиядағы заңнамаларды жақсарту мүмкін бе екенін, медиабілім қандай болу керек екенін талқылады.
Марафон тағы да бір ерекше оқиға — Зара Бейсембаеваның онлайн-ән шырқауымен аяқталды. Барлық қатысуға арналған шығармашылық талқылау мен музыкалық сыйлықты Kaspi.kz демеушілік етіп, ұсынды.
Шабыттың ең қайнар көзі — ерекше әрі маңызды дүние жасап жатқан адамдармен жүздесу және олардың сөзін тыңдау. MediaCAMP Fest екінші күні өткен Snap Talk-та қатысушылар 2020 жылы Орталық Азияда жүзеге асырылған сәтті медиажоба авторларымен кездесті.
Деректі фильмдер, инста-медиа, фотожобалар — мұның барлығы да маңызды тақырыптар, сәтті тәжірибелер.
Фестивалдің маңызды бөлімі — практикалық және теориялық шеберлік сабақтары. Ғылым әлеміне журналистика нормалары неліктен жарамайды, бұл бағытта жұмыс істейтін медиа қандай амал-тәсілдер қолданады? Ғылым және білім саласындағы коммуникаторлар қауымдастығының (АКСОН) президенті, химия ғылымдарының кандидаты Александра Борисова журналист ғалымдармен қалай жұмыс істеу керек екені туралы айтты.
YouTube-журналистика дегеніміз не? Қандай форматтар тиімді, қандай контент сұраныс бар? «Редакция» Youtube-каналының (Ресей) авторы Алексей Пивоваров MediaCAMPFest фестивалінде әлемдегі ең үлкен видеоплатформаға контент жасау туралы айтып берді.
«Сапалы журналистикаға сұраныс өте жоғары. сапалы журналистикаға да, сапалы кескінге де сұраныс артып келеді».
15-16 қыркүйек күндері MediaCAMP Fest қатысушыларына арналған онлайн-кинозал Artdocfest өтті.
Көрермендер деректі кино режисері, продюсер, Artdocfest фестивалінің президенті Виталий Манскийдің (Ресей) шеберлік сабағына қатысып, «Секретарь по идеологии» және «Мой папа Чингисхан» деректі фильмдерін көрді. Содан кейін «Мой папа Чингисхан» деректі фильмінің авторы Альмира Сайфуллинамен әңгімелесті.
Виталий Манский:
— Деректі фильмді командасыз түсіруге, яғни YouTube-тан видеолар алып, қызықты етім монтаждауға болады.
Бір сәт аялдап, барлық ойды шетке ысырып, бір сәт: қазір медиа қайда келіп тоқтады?, деген сауал төңірегінде ойланайықшы. MediaCAMP Fest аясындағы Анна Пацюктің фасилитациялық сессиясына қатысушылар осы сауалға тереңдеді. Көбі қазір индустрия болдырып қалғанын, жаңа шешімдер іздеу керек екенін айтты. Айналада боп жатқан жағдайды бағамдаған екі сағатта түрлі ойлар айтылып, кейіп түзіліп, әсерге бөленді.
— Ақпарат ауқымы ұлғайғанда тек жеке, дербес тәсілдер ғана құтқарады. Тек сонда ғана жасалған өнім басқалардың назарын аудартуы мүмкін. Автор көзқарасына ерік беріңіз,-дейді «Гонзо-дизайн» студиясының жетекшісі Ксения Диодорова. Ол «Медиажобаға кейіп және визуалды кілттер іздеу» сессиясын өткізіп, тақырыпты сезіну, тәжірибені бере білу туралы айтты.
«Гражданин горожанин» жобасының авторы, блогер, медиасарапшы Ферузхан Якубходжаев фестиваль қатысушыларына журналист өз брендін қалай қалыптастыруы керек екені туралы әңгімеледі.
Ал Ольга Кравцова (Ресей) өткізген «Журналистерге арналған күйзеліс психологиясы» сессиясының қатысушылары мынадай түйін жасады:
«Күйзеліс жағдайында журналистер өзін ғана емес, әріптестерін де қолдауы маңызды. Психологқа бару мәдениеті дамып жатыр. Адамдар бұған қалыпты қарай бастады. Әйтсе де әріптестер бірін-бірі қолдауы міндетті».
MediaCAMPFest аясында ұйымдастырылған тағы бір практикалық шеберлік сабағы «Смартфонмен фотоны қалай түсіреді» деп аталады. Шеберлік сабағын ресейлік фотограф Анна Шмитько өткізді. Кез келген материалдың кейіпкері, орны, мазмұны мен егжей-тегжейі бар. Міне, сондықтан да фото түсірмес бұрын өзіңізден: «не көрсетем?» деп сұраңыз.
Internews арнайы MediaCAMP Fest үшін екі ток-шоу әзірледі. Қазақстандағы «Матасу ма, шатасу ма?» ток-шоуын Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры Сәкен Балбаев, ал Тәжікстанда «Гап аз Гап» ток-шоуын атақты жүргізуші Орзу Исоев жүргізді.
Екі талқылаудың да өзегі — журналистикадағы этика мәселесі. Журналистер, медиасыншылар мен менеджерлер ток-шоу кейіпкеріне айналды.
Ток-шоулар қазақ және тәжік тілдерінде өтіп, орыс тіліне аударылды.
Журналистикада этика мәселесі маңызды орынға ие. «Юлия Мучникпен бірге этикалық тапсырмалар» интерактив сабағының қатысушылары 1,5 сағат ой алмасып, пікір таластырып, бірін-бірі қолдады. Түрлі жағдайлар, түрлі ішкі себептер. Кейде бейтарап позиция сақтау да қиынға айналады.
Юлия Мучник — «Сибирь.Реалии» сайтының бас редакторы («Радио Свобода» орыс қызметі), (Ресей).
Фестивалдің бесінші күні «Күш қайда жатыр, құрбым?» атты сессияда әйелдер медиажобасын талқылады.
Марина Михтаева, Internews in Kazakhstan:
— Гендер тақырыбындағы медиажобалар неліктен маңызды? Өйткені, тап қазір әлем өзгеріп жатыр, медиа бұл туралы айтуы керек.
Гүлмира Құсайынова, Manshuq Media:
— Сенімділігіміздің күші — барлығын жақсы әрі дұрыс істейтінімізде. Тағы бір маңызды нәрсе — әйелдердің бірін-бірін қолдауы. Күш біздің қолымызда!
Жобалар туралы мына мақаладан толығырақ оқуға болады.
Хикаялар байқауы, тікелей эфирде офлайн құттықтау және фестивальден фотосуреттер. Мұның барлығын әлеуметтік желілерде #MediaCAMPFest хештегі арқылы табасыз.
Фестивальдің ақырғы күнінде MediaCAMP Award 2020 байқауының қорытындысы шықты. Орталық Азия журналистері мен блогерлері арасында өткен MediaCAMP Award байқауына төрт номинация бойынша барлығы 282 өтініш келіп түсті. Соның ішінен 60-ы финалға өтті. Жеңімпаздар туралы толығырақ мына мақаладан оқи аласыз.
Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып отырған “#MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында іске асты.