“Шағын грант. Қысқы маусым” контент өндірісіне гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды

0
226

Internews продакшен-гранттар байқауын қорытындылады.

“Шағын грант. Қысқы маусым” контент өндірісіне гранттар байқауына Қазақстаннан барлығы 173 өтініш (103-і қазақ тілінде, 70-і орыс тілінде) келіп түсті.

Соның ішінен қазақша питчингке 38, орысша питчингке 18 өтініш беруші шақырылды.

22-23 желтоқсанда қазақ тілінде онлайн-питчинг өтті. Қазылар қатарында: медиатренер, “Жас өркен” редакторы Жұлдыз Әбділда, медиасарапшы Бэлла Орынбетова, редактор-журналист Дінмұхаммед Зиядин, “Азаттық” журналисі Аян Қалмұрат және Internews медиасарапшысы Асхат Еркімбай болды.

Қазақ тіліндегі жобалар  бойынша 20 команда жеңіске жетті: 11 авторға стипендия беріледі, 9 автор шағын гранттар алады.

24-25 қыркүйекте орыс тілінде онлайн-питчинг өтті. Қазылар қатарында: журналист, редактор, жазушы Майи Акишева, PR-маман, журналист Дмитрий Шишкин, журналист, “За нами уже выехали” арнасының авторы Дмитрий Дубовицкий, Internews медиасарапшысы Марина Михтаева және Internews аймақтық медиасарапшысы Манана Асламазян болды.

Орыс тіліндегі контент жобалар бойынша 7 команда жеңіске жетті: 2 авторға стипендия беріледі, 5 автор шағын гранттар алады.

Қысқы маусым грантын алатындар мен стипендия берілетіндер тізімі:

Қазақ тіліндегі контент

  • Рас айтам, «Пандемия және пропаганда»
  • Ғалым Смағұл, қоғамдағы саяси және әлеуметтік жағдай туралы карикатуралар
  • Талшын Тоқыжанова, пандемия жастарға қандай мүмкіндіктер ашты?
  • Ақжарқын Қыдырханова, пациент құқығы
  • Шарипа Уразбаева, «Ұят және мен» деректі фильмі
  • Айсұлтан Жақыпов, ауыл дәрігерлері өмірінен видео оқиға
  • Руслан Жұбаныш, бүгіннің беймәлім батырлары
  • Жадыра Жанарбек, азшылық топтар: пандемияға дейін және кейін
  • Бақытгүл Салыхова, жасөспірімдердің еңбек құқығы

Стипендиялар

  • Заңғар Омар, жастарға арналған дата визуализация
  • Бақберген Сапаш, Түркістан облысынан фоторепортаждар
  • Құндыз Мұханғали, Елена Мыңжасова, жастарға арналған подкаст
  • Фархат Әбілов, түрмедегі әйел хикаясы
  • Қалима Тәжіқұл, пандемиядан кейінгі ауыл
  • Жансая Олжабек, Гүлшат Нұрмұханова, Дана Нұрмұханбетова, толық емес отбасы туралы жастар ойы
  • Әсет Қайырхан, жастардың құқықтық сауаты
  • Думан Бақытгелді, қоғамға таңылған түрме мәдениеті
  • Әсем Ілесбай, жастардың психологиялық сауаты
  • Бауыржан Мұқанов, пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлер
  • Меруерт Тұрлыбекова, ауыл дәрігерінің оқиғасы

Орыс тіліндегі контент

  • Анастасия Горбунова, Vlast.kz сайтында Gylym Faces жобасы
  • Илья Бароховский, қала және ауыл маңы туралы журналистік зерттеулер
  • Серик Капенов, «Владельцы KZ» жобасы
  • Анна Вильгельми, «Интонация» мультимедиа лонгридтер
  • Арайлым Арайлым, “Береке” мәдени-оқыту қорына арналған медиакампания

Стипендиялар:

  • Мирас Нурмуханбетов, қысқаметражды анимация
  • Елена Панкова, медиаистории “Қазақстан қалаларындағы химиялық қауіптер” медиахикаялары”

2021 жылғы қаңтарда грантқа өтініш тапсыру барысында жиі кездесетін қателерді талдау сессиясын өткіземіз. Егер жобаңыз осы маусымда жеңіске жетпесе, сол сессияға қатысып, алдағы байқауларға өтініш тапсырғанда ескеруді сұраймыз.

2021 жылы көктемде шағын гранттардың келесі маусымы – “Шағын грант. Жазғы маусым” контент өндірісіне гранттар байқауы басталады. Хабарландыруларымызды қарай жүріңіз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.