Internews медиабастаңғысы №3. Орталық Азия БАҚ-тағы әйел тақырыбы: ғадауат тілі, жанжал, қоқан-лоқы

0
380

Наурызда Орталық Азиядағы БАҚ бетінде әйелдер туралы көп материал жарияланады. Медиасыншыларымыз сол материалдарды қадағалап, әйелдерге қарата айтылатын, жазылатын сексизм, таптаурындар, клишелер мен қорлайтын ой-түсініктерді байқап, түртіп алады. Феминизм туралы материалдар хайпқа, дау-дамайға ұласып, спикерге қоқан-лоқы жасап, өміріне қауіп төндіретін жағдайға дейін жетіп жатады.

Бұған не себеп? Бұқаралық ақпарат құралдарымыздағы әйел образын өзгертіп, этика нормаларын бұзбау үшін не істеу керек? Гендер тақырыбында батыл пікір айта алатын адамдарды қалай қорғауға болады? Бұл неліктен маңызды, бізді неліктен алаңдатады? Үшінші рет өткелі отырған медиабастаңғыда мамандар және журналистермен бірге осы мәселелерді талқылаймыз. Internews бәріңізді осынау күрделі, бірақ қажет тақырыпты талқылауға шақырады. 

Қашан басталады?

2021 жылғы 31 наурыз, сәрсенбі күні Алматы уақытымен сағат 16:00-де басталады. 

Кездесуге қалай қатысамыз?

Мына сілтемені ашып, тіркеліңіз. Zoom-конференцияға қосылу сілтемесін жібереміз. Не болмаса, 31 сәуір, сағат 16:00-де New Reporter сайтының Facebook-парақшасындағы тікелей эфирге қосылыңыз. 

Жаныңызға не алу керек?

Шай/кофе/шырын/су және жақсы көңіл-күй, сындарлы ой (теріс ойды тастап кетеміз)

Медиабастаңғы дегеніміз не?

Internews медиабастыңғылары туралы, оның қалай өтетінін мына видеодан көре аласыз.