HomeБайқауларInternews-тің Медиасауаттылық бағдарламаларына қатысқан түлектер назарына!
БайқауларInternews-тің Медиасауаттылық бағдарламаларына қатысқан түлектер назарына!

Internews-тің Медиасауаттылық бағдарламаларына қатысқан түлектер назарына!

Internews ұйымдастырған Медиасауаттылық бағдарламаларына қатысқан түлектерді медиасауат дамыту бағытындағы үш түрлі жобаға шақырамыз.

Біріншісі, Қазақстан ЖОО оқытушыларына арналған Медиасауаттылық бойынша оқу құралының модулдерін жазу. Оқу құралын Internews дайындаған. 

Сыни пайым, жарнама сауаты, медиасын және қастандық теориясы бойынша модулдер қазақ және орыс тілдерінде жазылып, онлайн оқытуға бейімделуі керек. Әр модулдің көлемі библиографиясы мен глоссарийін қосқанда 10 беттен аспайды. Модулдер медиасауат мамандарынан құралған фокус-топтар мен дөңгелек үстелде жария талқыланады. Сосын “Жаңа репортер” сайтында жариялауға ұсынылуы мүмкін. 

Қатысу шарты: медиасауат тренингтерін өткізу, оқыту тәжірибеңіз және оқу-әдістемелік сипаттағы жарияланымдарыңыз тізімі көрсетілген түйіндеме жіберіңіз. 

Өтініштер 2021 жылғы 2 сәуірге дейін қабылданады.

***

Екіншісі, Қазақстандағы Internews өкілдігі медиасауат дамыту бойынша жеке жобаларды 2021 жылғы тамыз соңына дейін жүзеге асыруға 500 доллардан 700 долларға дейін стипендиялар бөледі. Жобалар түрлі топтардың медиа-ақпараттық және цифрлы сауатын дамытатын оқу-әдістемелік материалдар, қысқамерзімді тренингтер, сұрақ-жауап, ойындар өткізу немесе өзіңіздің жеке креатив идеяларыңызға негізделуі шарт.

Өтініштер 2021 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады. 

***

Үшіншісі, Қазақстан ЖОО оқытушыларына арналған Медиасауаттылық бойынша оқу құралының иллюстрациялары мен кестелерін жаңарту. Оқу құралын Internews қазақ тілінде дайындаған.

Өтініштер 2021 жылғы 15 сәуірге дейін қабылданады. 

Internews жобаны жүзеге асыруға қаржылай және консультативті қолдау көрсетеді.

Байқауға қатысу үшін 2021 жылғы 15 сәуір, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-ге дейін онлайн-өтінішті толтырыңыз. 

Internews өтініштерді қарастырып, 2021 жылғы 20 сәуірге дейін шешім қабылдайды. Барлық өтініш берушіні қабылданған шешім жөнінде 21 сәуірден кешіктірмей электронды пошта арқылы хабардар етеміз.

Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы” аясында жүзеге аспақ.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи