HomeБайқауларМедиасауат — диджитал дәуірдегі негізгі білім құзіреті ретінде: Қазақстанның орта мектеп басшылары мен...
БайқауларМедиасауат — диджитал дәуірдегі негізгі білім құзіреті ретінде: Қазақстанның орта мектеп басшылары мен...

Медиасауат — диджитал дәуірдегі негізгі білім құзіреті ретінде: Қазақстанның орта мектеп басшылары мен мұғалімдеріне арналған тренинг

Internews өкілдігі ҚР мұғалімдерінің тамыз кеңесі қарсаңында 12-тамыз күні Қазақстанның орта мектеп директорлары, менеджерлері мен мұғалімдеріне арналған тренинг өткізеді. 

Облыстық білім басқармаларының басшылары, менеджерлер, мектеп директорлары мен мұғалімдер тренингте медиаконтентті сыни қабылдау және түсіну, ақпараттың рас-өтірігін тексеру машықтарын жетілдіреді, Internews шығарған бірегей оқу құралдарымен танысады. 

Тренинг 12 тамыз, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:00-16:00 аралығында Zoom платформасында қазақ және орыс тілдерінде болады. Facebook-тағы Internews Қазақстан парақшасында тікелей трансляция жасалады. 

Қатысу үшін мына сілтемені ашып, тіркеліңіз.

Интерактив тренинг диджитал дәуірдегі жаңаша сауат және мектеп бағдарламасына медиасауаттылықты енгізуге арналады. 

Тренингте адам өмірінде және қоғамда интернетті пайдаланудың этикалық қырларына оқушыларды баулитын медиасауаттылықтың оқу бағдарламасын жасауға баса назар аударылған. 

Internews сарапшылары және серіктестері тәжірибесіне сүйеніп, қатысушыларға медиасауаттылықты оқытудың заманауи әдістерін және мұны басқа да мектеп пәндеріне енгізу тәсілдерін таныстырады. 

Қандай да бір сұрақ туындаса, gassanbayeva@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img