HomeОқиғалар«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest фестивалінің бағдарламасы
Оқиғалар«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest фестивалінің бағдарламасы

«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest фестивалінің бағдарламасы

2021 жылғы 10-12 қыркүйекте «Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest онлайн-фестивалінің толық бағдарламасы шықты. Фестиваль сайтынан нақтыланған кестесін көріп, қызықтырған сессияларды түртіп алсаңыз болады. Ондаған спикер Орталық Азияда медиаөнім жасау оқиғасын баяндап, тәжірибесін бөліседі. Стендаптар, Snap Talk (спикерлер бір тақырып төңірегінде бірінін кейін бірі сөйлейтін формат), панелді дискуссиялар, шеберлік сабақтары, кино кеші, MediaCAMP Award журналистика байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болады. Барлық іс-шара тікелей эфирде өтеді.

MediaCAMP Fest фестивалінің шымылдығын, жұма 10 қыркүйек, стендап-актер Александр Меркуль ашады. Содан кейін фестивалдің ағылшын және орыс тілдерінде және орыс тілдерінде ресми ашылуына жалғасады. Фестиваль аясындағы барлық іс-шара қазақ, қырғыз, тәжік және өзбек тілдеріне синхронды аударылады. Түске дейін «Азияда жасалған» тақырыбында Snap Talk, зерттеуші, аналитик, бағдарламалаушы, оқытушы Алексей Незнановтың «Жасанды интеллект және креатив индустриялар: метаадамдардан бастап дипфейктерге дейін» деген дәрісі болады

Түскі үзілістен кейін «Медиасауат экологиясы: үш елдің көзқарасы» панелді дискуссиясы жоспарланған. Осы талқылау кезінде басқа залдарда дата-сторителлинг, digital-ортада көркем мәтінді оқу, подкаст монетизациясы және студенттердің медиасауатын арттыру бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Кешкісін медиа тақырыбында деректі фильм көрсетіліп, бірінші күн аяқталады.

Алевтина Мадьярова

«Деректі кино кеші қатысушылардың көңілін көтеріп, Орталық Азияда түсірілген фильмдерді таныстыруға арналған. Көрсетілетін фильмдер қатарында көктемде өткен Деректі кино мектебі қатысушыларының және Internews грантын алушылар түсірген жұмыстар да бар. Кино кеші екі күнге жалғасады. Әр кештен кейін еліміздегі тәжірибелі режиссерлер мен продюсерлерді шақырып, кино тақырыбын талқылаймыз», — деді секция модераторы, Internews өкілдігінің білім беру бағдарламаларының аймақтық үйлестірушісі Алевтина Мадьярова.

Фестивалдің екінші күні, сенбі 11 қыркүйек, медиасауат тақырыбындағы Snap Talk-тан басталады. Орталық Азияда медиасауат жобалары жүзеге асырған 9 сарапшы жетістіктері мен қателіктері туралы айтып, тәжірибесін бөліседі. Содан кейін Internews үйлестірушілері Гүлнар Асанбаева мен Ирина Медникова Орталық Азиядағы медиатұтыну және медиасауат зерттеуін таныстырады. Бұл зерттеу жыл сайын жүргізіледі.

Түстен кейін «Шекаралар мен шет-шегі. Орталық Азия журналистерінің Ауғанстандағы ахуал жөнінде ақпарат тарату барысында кездесетін қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы ашық әңгіме» деген өте өзекті тақырыпқа арналған талқылау болады. Офлайннан онлайнға өту, Telegram-каналды табысқа шығару, медиасауат туралы контент жасау ерекшеліктері, YouTube-арнаны нөлден бастап дамыту, саяси уәделерге фактчекинг әрі мониторинг бойынша бес түрлі шеберлік сабағы өтеді. Кешкісін медиа тақырыбында деректі кино көрсетіліп, фестивалдің екінші күні аяқталады.

Фестивалдің үшінші күні, жексенбі 12 қыркүйек, түске дейін параллель сессиялар өтіп, төрт елдің, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан спикерлері жергілікті медиа жұмысының ерекшеліктері туралы айтады. Күннің екінші жартысы журналистердің сыни пайымын дамытатын интерактив шеберлік сабағымен басталып, Орталық Азия медиазаңгерлерінің медиа этикасы, өзін-өзі реттеу және заңдары туралы сессиясына жалғасады. Сағат 16:30-дан 18:30-ға дейін MediaCAMP Award байқауының жүлдегерлерін марапаттап, фестивалдің жабылу рәсіміне ұласады.

Марина Михтаева

«Әр фестивалдің жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталатыны бір ғанибет. Фестиваль аясында журналистік материалдарымызды талқылап, аймақтағы журналистика мен медианың жалпы жағдайына шолу жасап, материалдарды салыстырып, қай елдің журналистері қай жағынан мықты екенін бағамдаймыз. Елімізде журналистика байқаулары саусақпен санарлық, аймақты байқау тіпті жоқтың қасы. Журналистердің материалын ұсынып, әріптестерімен салыстыра қарап, мықты жағын бағамдап, тағы нені жетілдіруі қажет екенін жұмыстарын ұсынып, әріптестерімен салыстырып, қай жағынан мықты екенін білуі үшін байқауларға қатысуы маңызды. Жарыс дегеніміз — керемет, бәсеке бізді шыңдап, дамуымызға көмектеседі», — дейді Internews өкілдігінің контент өндірісі жөнінде сарапшысы, MediaCAMP Award байқауының үйлестірушісі Марина Михтаева.

Бізге қосылыңыз! Фестиваліміз қызық әрі пайдалы болады!

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи