«Новая газета» бас редакторы Дмитрий Муратов баспасөздегі өзін-өзі реттеу және этика туралы сұрақтарға жауап береді

0
621
Дмитрий Муратов

Қазақстандағы Internews өкілдігі мен КаzMediaNetwork ұйымы медиа саласының белгілі тұлғаларымен баспасөздегі өзін-өзі реттеу және этика жөнінде сұхбаттар сериясын ұйымдастырады. Алғашқы сұхбат III Орталық Азия MediaCAMP Fest фестивалі қарсаңында «Новая газета» басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы Дмитрий Муратовпен болады.

Live-сұхбат 3 қыркүйек, Алматы уақытымен сағат 18:30-да басталады. Тәжірибелі ресейлік медиаменеджермен HOLA News бас редакторы Зарина Ахматова (Қазақстан) әңгімелеседі. Сұхбат барысында этика, сөз бостандығы, редакция менеджменті туралы әңгіме өрбиді. Өзін-өзі шектеу мен өзін-өзі реттеудің шекарасы қайсы? Саяси цензура жағдайында және жаңа медианың гүлденуі кезеңінде қалай жұмыс істеу керек? «Новая газета» қалай жұмыс істеп жатыр?

Тікелей эфир Facebook-тегі Internews in Kazakhstan парақшасынан көрсетіледі. Zoom-трансляцияда қазақ тіліне синхронды аударма болады. Көрермендер спикерге сұрақ қоя алады.