БайқауларГрант байқауы: Орталық Азияда Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастыру және өткізу

Грант байқауы: Орталық Азияда Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастыру және өткізу

Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында 2022 жылы Қазақстанда Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастыру және өткізу бойынша ашық грант байқауын жариялады.

Интерньюс 2020 жылдан бері жыл сайын Зерттеу журналистикасы мектебін өткізіп келеді. Зерттеу журналистикасы — журналистиканың Орталық Азияда қарқынды дамып келе жатқан ерекше сұранысқа ие жанры. Бұл жанр экология, ұлт денсаулығы, бюджет қаражатын тиімді жұмсау сияқты қоғамдық маңызы бар тақырыптарды қамтиды.

Биыл Интерньюс жергілікті ұйымдарды Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы медиа мен зерттеуші журналистердің журналистік зерттеуді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу потенциалын дамыту бойынша байқауға қатысуға шақырады.

Байқауға өтініште жобаның екі кезеңін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар беруіңіз керек: бірінші кезеңі — Қазақстанда Зерттеу журналистикасы мектебін ұйымдастыру және өткізуге бағытталған іс-шара, екінші кезеңі — мектеп қатысушыларының зерттеу журналистикасы жанрындағы жобаларын консультативті қолдау. Ұйымдастырушы жоба бюджетінде Тәжікстан мен Өзбекстаннан келетін қатысушылардың Қазақстанға келіп-кету, жатын орын шығындарын ескеруі қажет.

Өтініш толтырғанда Зерттеу журналистикасы мектебінің бағдарламасында қандай тақырыптар болатынын, қатысушылар қалай іріктеліп, кімдер тренер болатынын және журналистік жобаларды ары қарай қолдауға көмектесетін тәлімгерлерді көрсетеңіз. Жобаның екі кезеңі де 2022 жылғы тамыздың аяғына дейін орындалуы керек.

Қазылар алқасы ұсыныстарды мына критерийлер бойынша бағалайды:

  • өтініш берушінің журналистерді оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі;
  • кәсіби командасының болуы;
  • қол жеткізетін нәтижелердің кесіп-пішілген индикаторлары;
  • ақылға қонымды бюджет.

Өтініш берушінің зерттеу журналистикасы жанры бойынша жұмыс тәжірибесі болуы немесе осы жанрдың ерекшеліктерін түсіне білуі маңызды. Жеңімпаздарды электронды поштасына хат жазып, хабарлайды. 

Байқауға өтінішті 2022 жылғы 28 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге дейін жіберу керек. 

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азиядағы MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи