БайқауларInternews тренерлерге арналған тренинг ұйымдастырады

Internews тренерлерге арналған тренинг ұйымдастырады

Internews медиатренерлерді, медиа және білім беру саласының сарапшыларын оқуға және серіктес болуға шақырады. Тренинг бағдарламасы мына тақырыптарда халықаралық және аймақтық сарапшылардан оқып-үйрену, тәжірибе алмасуды қамтиды:

  • Медиа білім беру саласындағы заманауи трендтер;
  • Заманауи тренер қандай маңызды қасиеттерге ие болуы керек;
  • Орталық Азия аймағындағы тренер боп жұмыс істеудің ерекшеліктері;
  • Онлайн және офлайн тренингтер өткізу ерекшеліктері;
  • Ересектерді қалай оқытады және нәтижені бағалау критерийлері.

Тренинг түлектері Internews 2022-2023 жылдары Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда өткізетін журналистерге арналған тренингтерге шақырылады және жұмыс нәтижесіне қарай сертификатталады. 

Тренерлерге арналған тренинг 2022 жылғы ақпан-наурызда Алматы мен Душанбе қалаларында офлайн режимде бес күн бойы өтеді. Өңірлерден өтініш берушілердің жол және жатын орын шығынын Internews тарапынан өтеу қарастырылады. 

Тренингтер орыс тілінде өтеді.

Өтініш беру үшін сілтемені ашып, үлгіні толтырыңыз. 

Өтініштер 2022 жылғы 17 қаңтарға дейін қабылданады. 

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына ТОТ деп көрсетіңіз. 

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи