HomeБайқауларInternews Павлодар облысында Медиасауат үйін құруға байқау жариялады 
БайқауларInternews Павлодар облысында Медиасауат үйін құруға байқау жариялады 

Internews Павлодар облысында Медиасауат үйін құруға байқау жариялады 

Қоғамдық ұйымдар, медиа және білім беру ұйымдары мен қауымдастықтарды Павлодар облысында Медиасауат үйін құру байқауына қатысуға шақырамыз. 

Медиасауат үйінің міндеттері:

  • Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы тұрғындарының медиа-ақпарат және цифрлы сауатын дамыту бойынша іс-шараларды тұрақты өткізу;
  • Іс-шаралар жиілігі кез келген форматта, эпидемиологиялық ахуалға байланысты айына кемі екі рет болуы керек;
  • Медиасауат үйінің мақсатты аудиториясы – барлық жастағы тұрғындар.

Медиа-ақпарат және цифрлы сауат дамыту бойынша түрлі іс-шаралар өткізу тәжірибесі 2 жылдан асатын өтініш берушілер басымдыққа ие болады. 

Байқауға қатысу үшін онлайн-өтінішті 2022 жылғы 29 қаңтар, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24:00-ге дейін толтырып, жіберіңіз. 

Internews өкілдері 2022 жылғы 30 қаңтарға дейін өтініштерді қарап, байқау нәтижесі туралы хабарды барлық өтініш берушінің электронды поштасына 2022 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей жібереді.

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «Медиасауат үйі бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img

Популярные статьи