БайқауларЖурналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренингке қабылдау басталды

Журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренингке қабылдау басталды

Қазақстандағы Internews өкілдігі қызметін жаңадан бастаған журналистерді, журналистика факультетінің студенттері мен түлектерін журналистиканың негізгі машықтарын үйренуге және базалық принциптерін оқып-білуге шақырады.

Бес күндік интенсив курсқа Қазақстанда тұратын адамдардан өтініш қабылданады.

Мықты кәсіби журналистер мен тренерлер мына машықтарды үйретеді:

  • жаңалық дегеніміз не, ақпарат ағымынан қажет әрі ең құнды мәліметті қалай сүзіп алуға болады;
  • дереккөзбен қалай дұрыс байланысу керек, ақпараттың шынайылығын қалай тексереді;
  • ақпарат тарату кезінде және жаңалық кейіпкерлерімен өзара қарым-қатынас жасағанда этика нормаларын қалай сақтайды;
  • аудитория қызығушылығын тудыратын материалды қалай дайындайды?

Дәрістер 2022 жылғы 6-10 маусым күндері аралығында «Қазақфильм» киностудиясы аумағында орналасқан AlmaU Медиа және кино мектебінде өтеді. Курс аяқталған соң материалдарыңызды ойдағыдай етіп жасау үшін 4 апта бойына тәлімгерден кеңес алып, қолдауына ие бола аласыз.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде болады.

Тренингке қатысу — тегін. Қатысушыларды өтінішті қалай толтырғанына қарап таңдайды. Ынтасы жоғары, кәсіби журналистикада жұмыс істеуді мақсат тұтатын не БАҚ-та жұмыс істейтін үміткерлер басымдыққа ие.

Қазақстанның басқа өңірінен келіп, Алматыда оқып жатқан не тренинг өтетін кезде Алматыда болатын үміткерлер де өтініш бере алады. Тренингке қатысушылардың жол және жатын орын шығынын өтеу қарастырылмаған.

Журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренингке қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз. Өтініш қабылдау 2022 жылғы 31 мамырда (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де) аяқталады.

Қандай да бір сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Негізгі машықтар тренингі бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.

Жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи