БайқауларМобайл журналистикаға арналған онлайн трениң-квестке тіркелу басталды

Мобайл журналистикаға арналған онлайн трениң-квестке тіркелу басталды

Онлайн трениң тәуелсіз журналистер, блогерлер, медиа өкілдері мен журналистика факультетінің студенттеріне арналады. Трениң тәжірибелі тәлімгерлердің қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде практикалық түрде болады. Үздік жұмыстарды қолдауға стипендия беріледі. 

AIR Academy мектебі Internews ұйымымен бірлесіп, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында журналистерді, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері мен тәуелсіз авторларды квест түріндегі онлайн трениңге қатысып, мобайл телефонмен кәсіби репортаж жасауды үйренуге шақырады.

Оқу 2022 жылғы 22 тамызда басталады.

1 қадам.

Қатысу үшін сайттағы тіркелуге өтінішті толтырып, сұрақтарға жауап беріп, іріктеуден өтіп, оқыту платформасына кіру рұқсатын ал. Тіркелу 2022 жылғы 17 тамызда аяқталады. 

2 қадам.

Төрт апта кезең-кезеңімен оқып, тапсырмаларды онлайн орындап, келесі деңгейге өт. Тапсырмаларды орындау – келесі кезеңге өтетін кілт. Қажет болса, тәлімгерден кеңес не көмек сұра. 

3 қадам.

Тәуелсіз қазылар алқасы қорытынды жұмысты онлайн тікелей эфирде қарап, бағалап, шешім қабылдайды. Үздік жұмыстарды қолдауға стипендия беріледі. 

Форматы: Жеке кабинетіңізде апта сайын жаңа тапсырма ашылады. Барлық тапсырманы апта ішінде орындаса ғана келесі кезеңге өтеді. Квест қорытындысы 23 қыркүйектегі тікелей эфирде жарияланады. 

Басталуы: 2022 жылғы 22 тамыз

Қатысу үшін сауалнаманы толтырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Нәтиже: Смартфонға түсіріп, монтаждаған кәсіби репортаж.

Бағдарламасы: 

1 апта

  • Сюжет форматы мен түрлері.
  • Тақырып таңдау және іздеу.
  • Журналистік stand-up түсінігі және stand-up жасау.

2 апта

  • Репортажыңыздың кейіпкері.
  • Журналистік этика негіздері.
  • Журналист құқығы базасының негіздері, материал мен кескінді пайдалану ережесі.
  • Сценарий жоспары.

3 апта 

  • Смартфонмен түсіруге дайындық.
  • Жарықпен жұмыс.
  • Дыбыспен жұмыс. 
  • Репортажға сұхбат түсіру.

 4 апта

  • Монтаж сценарийі.
  • Репортаждағы субтитр және caption видео.
  • Репортаждағы кадрдан тыс мәтін.
  • Смартфонда сюжет монтаждау. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи