Қазақстандағы цифрлық хабар тарату саласында зерттеу жүргізуге байқау жарияланды. Дедлайн ұзартылды

0
2249
Фото: depositphotos.com, автор: .shock

Қазақстандағы Internews өкілдігі Қазақстан мен Тәжікстанның цифрлық хабар тарату саласында (ЦЭТВ) зерттеу жүргізу үшін зерттеушілер мен әлеуметтанушыларға арналған байқау жариялады. Байқауға медиа және/немесе телерадио хабар тарату саласында зерттеу жүргізу тәжірибесі бар зерттеушілер мен әлеуметтанушылар шақырылады. 

Зерттеуге қойылатын талаптар: 

Зерттеуде «кабинеттегі» және «далалық» кезеңдер болуы керек:

  1. «Кабинеттегі» зерттеу — заңнама мен ЦЭТВ-ға көшу процессін талдау, жиіліктерді бөлу мен телерадиоарналарға лицензия беру, арналарды цифрлық мультиплекстерге қосу тәртібін зерттеуді қамтиды. Осы кезеңде ЦЭТВ-нің халықты нақты қамтуы мен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әлсіз топтарға берген декодерлер саны және т. с. с мәселелер қаралады. .
  2. «Далалық зерттеу» — хабар таратушылар арасында ЦЭТВ-ға көшу, контент өндірісі, аудиторияны қамту, қызмет құны, сигнал сапасы және т.б. бойынша сауалнама жүргізу.

Зерттеудің егжей-тегжейлі техникалық тапсырмасын қазақ тілінде оқу үшін осы сілтемеге, ал орыс тілінде оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Зерттеу қорытындысы бойынша аналитикалық есеп (шолу) дайындалып, екі елде хабар таратушылар, ЦЭТВ-ға жауапты мемлекеттік органдар мен техникалық қызмет өкілдері, сондай-ақ медиақауымдастық өкілдерінің қатысуымен презентация болады. Екі елдегі зерттеу де 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін аяқталуы керек. 

Әлеуетті өтініш берушілерге қойылатын талаптар: 

  • Зерттеуші және әлеуметтанушы ретінде кемі 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
  • Тиісті дайындығы мен біліктілігі бар жеке тұлғалардан ғана өтініш қабылданады. Назар аударыңыз: бұл байқауда ұйымдардан келіп түскен өтініштер қаралмайды; 
  • Әлеуетті өтініш берушілер екі рекомендация және соңғы жүргізген екі зерттеуінің сілтемесін қоса ұсынуы керек, егер жарияланған болса. Егер зерттеулеріңіз жарияланбаса, онда атауы мен мерзімін көрсетіңіз, мүмкіндігінше зерттеуіңізді жіберуіңізді сұраймыз. 

Байқауға қалай қатысады?

Байқауға қатысу үшін мына сауалнаманы толтырып, қажет құжаттарды тіркеңіз. Өтініштер 2022 жылғы 13 қараша, Астана уақытымен сағат 21:00-ге дейін қабылданады. 

Өтініштерді қалай іріктейді? 

Сараптамалық комиссия барлық әлеуетті өтініш берушілердің өтінішін мына критерийлер бойынша қарайды: 

  • Зерттеу жүргізу бойынша ұсынылған іс-шаралардың Интерньюс талаптарына сай келуі;
  • Нақты бюджеті;
  • Зерттеу жүргізу уақыттарын ұсыну;
  • Зерттеу қорытындысының презентациясына қатысуға дайын болу;
  • Өтініш берушілер біліктілігінің Интерньюс талаптарына сәйкестігі. 

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

Бұл жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып жатқан Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.