Грант байқауы: Қазақстан медиақауымдастықтарын қолдау. Дедлайн ұзартылды

0
1982
Фото: depositphotos.com, автор: alphaspirit

Қазақстандағы Internews өкілдігі телерадио хабар тарату, баспа ісі мен жарнама қызметі, интернет контент жасау мен тарату сияқты түрлі сала өкілдерінің  мүддесін біріктіретін және қорғайтын медиақауымдастықтарды қолдау бойынша ашық грант байқауын жариялады. Журналистер, редакторлар мен тағы басқа да медиамамандардың кәсіби бірлестіктерін байқауға шақырамыз. 

Байқауға өтініште мына бағыттарда жасалатын іс-шаралар ұсынуыңыз керек:

  1. Ұйымыңызға институционалды қолдау көрсету, бұған жаңа қатысушылар тарту, байланысты кеңейту мен нығайту, қауымдастық мүшелерінің мүддесін қорғау үшін серіктестермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды күшейту;
  2. Қатысушыларыңыздың медианарықта табысты болуына көмектесетін түрлі бастамалар ендіру және дамыту.

Өтініште қауымдастық әлеуетін қалай арттыратыныңызды, қауымдастық мүшелерін қолдау және дамыту стратегияңызды, өткізетін іс-шаралар, күтілетін нәтиже мен прогрессті бағалау көрсеткіштерін жазыңыз. Жоба 2022 жылғы мамырдың соңына дейін жүзеге асырылуы керек. 

Қазылар алқасы ұсыныстарды мына критерийлер бойынша бағалайды: 

  • өтініш берушінің медиа саласындағы тәжірибесі мен қатысушыларының әлеуетін арттыру тәжірибесі;
  • қазіргі медианарықта қарқынды даму стратегиясы;
  • қатысушыларының мүддесін қорғау үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы;
  • жарияланған нәтижелердің ойланып жасалған көрсеткіші;
  • нақты бюджет.

Жеңімпаздарды электронды поштасына хат жазып, хабардар етеді. 

Байқауға өтінішті 2022 жылғы 13 қараша, Астана уақытымен сағат 21:00-ге дейін толтырып жіберу керек. Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

Бұл грант байқауы Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен көмегіне мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асырып жатқан Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.