MediaCAMP Fest медиафестивалінің ең үлкен оқиғасы – журналистерге арналған MediaCAMP Award IV аймақтық байқауының көптен күткен қорытындысы шықты. Биыл қазылар алқасы 821 өтінішті қарады. Бұл – байқауға қатысушылар саны жағынан төрт жылдағы рекорд көрсеткіш. Салыстыра қарасақ, 2021 жылы байқауға – 646, 2020 жылы – 350, 2019 жылы 470 өтініш келіп түсті. Биылғы байқауда бес негізгі номинация бойынша 74 автор және «Уақыт көрінісі» номинациясында 20 фотограф, карикатурашы мен иллюстратор финалға өтті.
Фестиваль қатысушыларын, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтауға Алматыдағы АҚШ бас консулы Кэролайн Сэвидж келіп, сөз сөйледі:
— Бүгін кәсібі мен жалпы қоғамның дамуына зор үлес қосқан Орталық Азияның барлық еліндегі журналистердің жетістіктерін атап өту – мен үшін үлкен мәртебе. Біз мұнда жеңімпаздарды жетістігімен құттықтауға ғана емес, сондай-ақ олар көрсететін құндылықтар — адалдық, батылдық, кәсібилік пен сыни пайым құрметіне жиналдық. Сіздер озық үлгі көрсетіп, басқа журналистерге бағыт-бағдар бересіздер. Ізіңізді басып келе жатқан жаңа буынды шабыттандырып, оларға сенім ұялату үшін осы құндылықтарды әрі қарай да алып жүретініңізге сенімдімін!
Жеңімпаздарды жариялап, құттықтайық!
«Жастар уақыты» номинациясы
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Кейіпкерді аша білгені үшін – Тоирзода Джоми, «Жайнай бер, Шураб! Жас тәжікстандық өзі тұратын қала мен тұрғындарының өмірін қалай өзгертіп жатыр» (Живи, Шураб! Как молодой таджикистанец меняет свой город и жизнь его жителей – түпнұсқасы)
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Күрделі тақырыптарды креатив түрде жеткізгені үшін – Руслан Жұбаныш, Құндыз Мәжит, XYZ: [generation gäp]
3-ОРЫН: Өзбекстан — Тамила Умарова мен Замира Балтаева, «Жазаланбаудың ақыры зорлық-зомбылық қайталануына әкеп соғады: Самарқан облысы мысалында» (Безнаказанность ведёт к повторному насилию: на примере Самаркандской области – түпнұсқасы)
2-ОРЫН: Қырғызстан — Александр Александров, Александра Титова, Зара Садыгалиева, «Жанардың тағдыры – анасын табу үшін актриса болу» (Стать актрисой, чтобы найти свою маму — история Жанары – түпнұсқасы)
1-ОРЫН: Тәжікстан — Нина Петрушкова, «Айлық аз, білім төмен, теңдік әлсіз» (Меньше зарплата, меньше образования, меньше равенства – түпнұсқасы)
«Уақыт тынысы» номинациясы
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Адамдар мен бояуы қанық оқиғаларға қызығушылығы үшін — Муаззамхон Ибрагимова, «»Тезак қоқи» технологияси және қыс мезгіліне әндіжанша дайындық» («Тезак қоқи» технологияси ёхуд қишга Андижонча тайёргарлик. – түпнұсқасы)
3-ОРЫН: Қырғызстан — Савия Хасанова, Мундузбек Калыков, «»Әйелге не бар о жерде?» «Клооптың» қырғыз үкіметіндегі теңсіздік туралы зерттеуі» («Что там потеряла эта женщина?» Исследование «Клоопа» о неравенстве в кыргызском правительстве. – түпнұсқасы)
2-ОРЫН: Қазақстан— Думан Терликбаев, «Өз көзімізбен»: қазақстандық банктер мүгедектерге қаншалықты ыңғайлы?
1-ОРЫН: Қырғызстан — Али Токтакунов, Мээрим Айныкеева, Арген Бактыбек, «Үстемесі 600%. Қырғызды қарызға батырған Сомо» (600 % үстөк. Кыргызды карызга батырган Сомо. – түпнұсқасы)
«Жеңімпаздар уақыты» номинациясы
3-ОРЫН: Өзбекстан — Силкина Наталья, «Велосипед тепсем, жалғыз аяғым барын ұмытамын» (На велосипеде я забываю, что у меня одна нога. – түпнұсқасы)
2-ОРЫН: Қазақстан — Алина Ерофеева, «Мұның зорлық екенін білмедім: Ольганың оқиғасы» (Я не знала, что это насилие: история Ольги. – түпнұсқасы)
1-ОРЫН: Тәжікстан — Нодира Собирзод, «Вулканизация патшайымы. Сайрамхон шебер автокөлік доңғалағын қалай жөндейді» (Королева вулканизации. Как усто Сайрамхон ремонтирует автомобильные шины. – түпнұсқасы)
«Жасампаздар уақыты» номинациясы
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Сезімтал тақырыптарға жазудағы ерекше тәсілі үшін — Оксана Акулова (Габитова), «»Сашаны көрсем, Асқарым көзі тірі, арамызда жүрген сияқты сезіледі»» («Я вот Сашу вижу, и, вроде, мой Аскар живой». – түпнұсқасы)
3-ОРЫН: Түрікменстан — Айна Широва, «Зарудинаның ылдам-жылдам жұмысшылары мен олардың әнші шәкірттері» (ОПЕРативные работники Зарудины и их спетый круг учеников. – түпнұсқасы)
2-ОРЫН: Қырғызстан— Айзирек Иманалиева, «Нан – ас атасы. Бішкектік Таалайбек қоқысқа тасталған нанды мал азығына қалай айналдырады» (Хлеб всему голова. Как Таалайбек из Бишкека делает из выброшенного хлеба корм для животных. – түпнұсқасы)
1-ОРЫН: Қазақстан — Фазыл Айгерим, «Қостанай даласында бірегей ферма бар. Көбі сол жерде жұмыс істегісі келеді» (В костанайской степи есть уникальная ферма. Многие мечтают там работать. – түпнұсқасы)
«Жыл тақырыбы. Жаңа уақыт» номинациясы
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Төтенше жағдайларда жұмыс істегені үшін — Orda.kz редакциясы, «Полиция озбырлығы: Orda.kz журналистері қалай жараланып, полиция бөлімшесіне жеткізілді» (Полицейский произвол: как журналисты Orda.kz получили ранения и приводы в полицию. – түпнұсқасы)
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Кейіпкер таба білетіні үшін — Айдай Токоева, Анастасия Лысогорова, «Қырғызстандық дәрігер Эркин Джаманбаев Словакиядағы украиналықтарға қалай көмектесіп жүр» (Как доктор из Кыргызстана Эркин Джаманбаев помогает украинским беженцам в Словакии. – түпнұсқасы)
1-ОРЫН: Қазақстан — Кирилл Каргаполов, «»Күртеше қанға малынды»: Алматылық қаза тапқандар мен жараланғандарды алаңнан қалай алып шықты» («Куртка пропиталась кровью»: Как алматинец вывозил погибших и раненых c площади. – түпнұсқасы)
«Уақыт көрінісі» фотономинациясы
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Фотосюжеті, композициясы мен автор «үні» үшін — Гулиза Урустамбек кызы, «Әке қолы» фотосы (фото «Рука отца». – түпнұсқасы)
АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ – Үлкен әлеуметтік мәселені бір суретпен жеткізе білгені үшін — Алла Румянцева, «Маскун» суреті.
1-ОРЫН: Қазақстан — Сандуғаш Дүйсенова, «Бір дәуірдің соңы» («Конец эпохи» – түпнұсқасы), сайтта дауыс беру арқылы анықталды.
Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің директоры Марат Бигалиев, жалпы фестивальді және байқауды қорытындылап:
— Түрлі номинация жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын және бүгін айтылған, айтылып жатқан барлық құттықтауға қосыламын. Батылдығыңыз үшін мың алғыс. Аймақ елдерінде журналистерге жұмыс істеу өте қиын болғанына қарамастан, байқауға материалыңызды жібергеніңіз үшін көп рахмет. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, сіздер жұмыс істеуге барынша қауіпсіз жағдай, материалдарыңыз аудитория сұранысына ие және аймақтағы елдер үкіметіне түсінікті болғай! – деді.
MediaCAMP Award байқауы Орталық Азияда келер жылы тағы да өтеді. Байқауға өтініш қабылдау 2023 жылғы көктемде басталады. Қапы қалмаңыз! Марапаттау рәсімінің видеожазбасын көруге болады (Facebook-парақшада).
Бұл фестиваль мен байқау АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен өтіп жатыр. Спикерлер пікірі USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.