HomeОқиғаларАлматыда сот коммуникациясы бойынша тренинг өтті
ОқиғаларАлматыда сот коммуникациясы бойынша тренинг өтті

Алматыда сот коммуникациясы бойынша тренинг өтті

Алматыда азаматтық істер жөніндегі судьялар мен облыстық соттардың БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушілеріне арналған «Сот жүйесіндегі коммуникация: стратегиясы мен тактикасы» деген екі күндік тренинг өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот USAID қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
«Жоғары сот органымен 5 жылдық іскерлік ынтымақтастық аясында бірқатар маңызды жобаны іске асырдық. Бұл жобалар ақпаратқа қол жеткізуді жақсартуға, Қазақстанда медиа-құқықты және медиа сауаттылықты дамытуға бағытталған. Қазіргі заманғы PR-құралдармен жұмыс істеу бойынша білімді үнемі жаңартып отыру керек, өйткені медиа контент жылдам өзгеріп жатыр», – деді Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев.
Тренинг бағдарламасы мазмұнды болды. Сарапшылар Литва Республикасы Бас прокуратурасының коммуникация бөлімінің бастығы, PhD Елена Мартионене және «Kod Uspeha» компаниясының басшысы Регина Лариошина коммуникациялық менеджмент мәселелері бойынша интерактив форматындағы дәріс өткізді.
Олардың айтуынша, кез келген дағдарыстан сабақ алу керек екен. Мәселен, Е. Мартионенаның айтуынша, Литва Бас прокуратурасының ғимараты әлемнің ұсқынсыз ғимараттарының бірі болды. Мемлекеттік органның баспасөз қызметі көптеген қиғаш терезелері бар текше пішіндес қара ғимаратқа қатысты жұртшылықтың теріс қабылдауын өзгертті. Бұған қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптарды ғимарат қабырғасына ашық түсті жазумен жазғанның нәтижесінде қол жеткізіпті.
 Р.Лариошина дау-жанжалдың алдын алу және шешу, жеке тиімділікті арттырудың тәсілдерімен бөлісті.
Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта облыстық соттардың үйлестіруші судьялары жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтті.
«Бұқаралық ақпарат құралдарына және әлеуметтік желілерде брифинг ұйымдастырып,  шығып сөйлеу – үлкен қоғамдық жүктеме. Түсіндіру жұмыстары қоғамға өте маңызды, өйткені процестік сәттер мен құқық қолдануды қабылдау қарапайым адамдардың қабылдауы үшін қиын. Сауатты сот коммуникациясы соттар ашықтығын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жалпы қоғамдағы жанжалды азайтуға ықпал етеді», – деп түйіндеді ол.
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

spot_img