БАҚ-қа арналған вебинар: Мәжбүрлі қоныс аудару туралы қалай жазу керек?

0
2184

Internews өкілдігі журналистерді, журналистика факультетінің студенттерін, қоғамдық ұйым өкілдерін босқындар ісі мен мәжбүрлі түрде қоныс аудару мәселесі туралы ақпарат тарату вебинарына шақырады.

Вебинарда мына сұрақтарға жауап аласыз:

  • Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аудару туралы ақпарат тарататын журналистердің рөлі;
  • Репортаж жасап, сұхбат алу барысында босқындармен жұмыс істеудің дұрыс әдіс-тәсілі қандай?
  • Мәжбүрлі қоныс аудару туралы материалдардың сапасын қалай жақсартуға болады?
  • Мигранттар, босқындар, қоныс аударуға мәжбүр болғандар мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы материал дайындағанда нені ескерген жөн?

Вебинарға қатысу үшін сілтемеге өтіп, тіркеліп алыңыз.

Қатысу – тегін. Вебинар ағылшын және орыс тілдерінде өтіп, Орталық Азия елдерінің ұлттық тіліне ілеспе аударма жасалады.

Күні: 2022 жылғы 2 желтоқсан

Уақыты: сағат 16.00 – 18.30 (Астана уақытымен)

Арнайы қонақ: Клаудио Дельфабро, Босқындар ісі мен көші-қон жөніндегі халықаралық құқық департаментінің директоры, Санремо халықаралық гуманитарлық заң институты.

Вебинарды БҰҰ Босқындар агенттігі Internews ұйымымен бірлесіп, ұйымдастырады.