2023 жылы жүзеге асатын медиасауат жобалар. Эдьютон 2023 қалай өтті?

0
1611

19-23 желтоқсан күндері онлайн форматта өткен Орталық Азияның Медиасауат Эдьютонына қатысушылар шындықтың арғы жағымен кездесті. Ұйымдастырушылар,  тренерлер мен менторлар бірігіп, жақын болашақты болжауға тырысып, сессияларда нейрожелілер, алгоритм, киносауат, милитар пропаганда және тағы басқа көптеген тақырыпты қамтыды. 2023 жылы не күтеміз? Қандай машық көбірек қажет болады? Өзіңіз бен жақындарыңызды жалған ақпараттың ықпалынан қорғау үшін қандай құралдарды пайдаланамыз?

— Ақпараттық соғыс адамдарды бір-біріне қалай қарсы қоятынын былтырдан бері көріп келе жатырмыз. Отбасылар, достар бір-бірінен алыстап, қоғам тұтастығына сызат түсіп, бізді манипуляция арқылы басқару оңай бола түсті. Медиасауат бір-бірімізбен диалог жалғастырудың жолын іздеп табуға, бірлігіміз жарасып өмір сүруге көмектеседі. Биылғы Эдьютонның да негізгі мақсаты осы, — деді Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев.

Бес күндік Медиасауат Эдьютонына 34 адам қатысты. Олардың 16-ы Қазақстаннан, 11-і Тәжікстаннан, 7-і Өзбекстаннан екен. Бәрі де тәжірибе алмасу сессияларына қатысып, сарапшыларға сұрақ қойып, жобасын жетілдіріп, пысықтап, содан кейін питчиңде тәуелсіз қазылар алқасына таныстырды. 

Эдьютон қорытындысы бойынша 16 жоба қолдау алып, 2023 жылы іске асады. Демек, Орталық Азия елдерінің тұрғындары медиасауат машығын шыңдап, жетілдіре түседі. 

Жеңімпаздар тізімі:

Қазақстан
1 Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК, Маргарита Бек, Никос Мармалиди Цифрлық Пигмалион
2 «Janasha» қоғамдық қоры, Жаңылай Базарбай 50+ Ешқашан кеш емес
3 Step Clap өнер мектебі,  Мария Абадиева «Пропагандаға қарсы қаһармандар» (Герои против пропаганды») комиксі
4 AIN Citadel ҚҚ, Ассоль Мирманова «Барлығы пропаганда туралы» («Всё о пропаганде») жобасы, Rezonans.Asia порталында
5 Руслан Жұбаныш «Хикая» заманауи өнер кеші
6 Kazak Bubble парақшасы, Бибарыс Сейтақ JüykeFest фестивалі
7 «Саяси шешімдер орталығы» ҚҚ, Арман Әмір CoolTóbe ой-талқы алаңы
Тәжікстан
1 ЧДММ ШТР «САДОИ ХУҶАНД» Угулой Раджабова «Фейк не факт» («Фейк или факт») радиохабары
2 «Медиаграмотность и цифровая культура» ҮЕҰ, Салим Саидов, (Худжанд) Киносауат туралы видеосабақтар жасау
3 «Диер» ТРК ЖШҚ, Фируза Мирджумаева «Үшінші жас және интернет» («Третий возраст и интернет») телехабары
4 «Соғды облысының өзбектер қоғамы» ҚБ, Уктам Ризаев «Егер білсем …» («Если бы я знал?») театр қойылымы
Өзбекстан
1 «Киносауат: Өзбек киносы туралы білесіз бе?»
2 «Медиасауат: дамуында ерекшелігі бар адамдар көзімен»
3 «Театр қойылымы арқылы медиа-цифрлы сауатқа баулу»
4 PLOSSavod
5 Media Lesson

 

Бұл жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсеткен қолдауы арқасында мүмкін болып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Мазмұнына Internews жауапты және мазмұны USAID не АҚШ үкіметінің көзқарасына сай келмеуі мүмкін.