«Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат тарату мен ілгерілетуді қолдау» (SCARF) жобасының презентациясы өтеді

0
2418

SCARF жобасы медиасарапшылар пулын оқыту мен қолдау арқылы жергілікті медиамамандардың жоғары сапалы контент жасау әлеуетін арттыруға көмектеседі. Контент-мейкерлер, журналистер мен редакторларға діни сенім бостандығына байланысты сезімтал тақырыптар бойынша ақпарат таратуды үйрететін тренингтер өткізеді. Жоба аясында медианың иклюзив контент жасауына және осы тақырып бойынша сезімтал мәселелерді түсінуіне көмектесу үшін діни бірлестік өкілдерімен, сарапшылармен өзара іс-қимыл қарастырылған.

Internews БАҚ пен азаматтық қоғам өкілдерін, сарапшыларды, Қазақстанда тіркелген діни бірлестік қатысушылары мен қызығушылық танытқан барлық адамды SCARF жобасының Астанада өтетін тұсаукесеріне шақырады.

Презентация 2022 жылғы 15 желтоқсанда өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін 2022 жылғы 14 желтоқсан, сағат 18:00-ге дейін мына сілтемеге өтіп, тіркеліп алыңыз.

Презентация Астанада (мекенжайы: Wyndham Garden қонақүйі, Хусейн бен Талал көш., 25, 1-қабат, «Алатау» залы) өтеді. Қазақ және орыс тілдерінде болады (ілеспе аударма жасалады).

Іс-шараның бағдарламасы:

Жоба презентациясы кезінде «Қазақстанда діни сенім бостандығы мен дін тақырыбы жайлы ақпарат тарату: қиындық пен табу» деген ашық панел дискуссия өтеді. Бұған заңгерлер, медиасарапшылар, Дін істері комитетінің (ҚР АҚДМ) өкілі және діни бірлестік өкілдері қатысады.

  • 9:00 – 9:30 Тіркеу
  • 9:30 – 9:45 Ашылуы. Алғысөз: Марат Бигалиев, Орталық Азиядағы Internews өкілдігінің басшысы. Ержан Нүкежанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы (нақтыланып жатыр)
  • 9:45 – 10:00 SCARF жобасын таныстыру: Зарина Ахматова, жоба жетекшісі. Шероз Шарипов, жобаның Тәжікстандағы үйлестірушісі.
  • 10:00 – 11:30 «Қазақстанда діни сенім бостандығы мен дін тақырыбы жайлы ақпарат тарату: қиындық пен табу» деген панел дискуссия. Қатысушылар:
    • Роман Подопригора, профессор, Каспий университетінің Жария құқық ҒЗИ директоры, з.ғ.д.;
    • Александр Клюшев, Қазақстанның діни бірлестіктері қауымдастығының төрағасы;
    • Айнұр Коскина, журналист, медиасарапшы;
    • Ғалия Әженова, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау Халықаралық қорының сарапшысы;
    • Асылтай Тасболат, ҚазҰУ оқытушысы, дінтанушы.
    • Модераторы: Икбалжан Мирсайитов, SCARF жобасының дін жөніндегі консультанты (Қырғызстан).
  • 11:30 – 11: 45 Кофе-брейк
  • 11: 45 – 12:45 Медиа, діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалаларының картасын жасау бойынша фасилитация сессиясы. Сессияға медиа және БАҚ өкілдері, Қазақстанда тіркелген ондаған діни бірлестіктің өкілдері, сарапшылар және т.б. қатысады.
    • Модераторы: Ирина Чистякова, SCARF жобасының журналистика бойынша консультанты (Қырғызстан).
  • 12:45 – 13:00 Қорытынды, қатысушыларға кофе-брейк.

* Бағдарламада сәл-пәл өзгеріс болуы мүмкін