ОқиғаларСтуденттер мен жас журналистерді сөз бостандығы, ақпарат алу құқығы және журналист қауіпсіздігі...

Студенттер мен жас журналистерді сөз бостандығы, ақпарат алу құқығы және журналист қауіпсіздігі туралы MediaTalks-ке шақырамыз

Жыл сайын 10 желтоқсанда халықаралық Адам құқықтары күні аталып өтеді. Осы айтулы күн қарсаңында журналистермен бірге MediaTalks жасап, сөз бостандығын, ақпарат алу құқығы мен журналистер қауіпсіздігін талқылаймыз. 

Шынайы ақпарат алу құқығынсыз адам құқығын елестету әсте мүмкін емес. Ал бұл процесстің көш басында журналистер тұр. Журналист шынайы ақпарат таратуға жауапкершілікпен қарап, соны іске асыру барысында түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. 

MediaTalks іс-шарасы 9 желтоқсан, сағат 11.00-де (Астана уақытымен) KIMEP университетіндегі (Абай даңғылы, 2/1) №3 залда өтеді. 

Кіру тегін, сол жерде тіркелуге болады. Басқа қалада тұратын қатысушылар ZOOM-дағы онлайн-трансляцияны көре алады. Бұл үшін сілтемеге өтіп, тіркеле қалыңыз

Іс-шарада шынайы ақпарат алу құқығын қалай қамтамасыз етуге болатыны, журналистердің қоғам алдында қандай міндеті мен жауапкершілігі бар екенін білесіз. БАҚ-тың қандай жағдайда да жұмыс істеуіне мүмкіндік беру неліктен маңызды екенін және тілшілердің оқиға орнына баруына әрдайым рұқсат беру қажет па деген сауалдарды талқылайды. Сарапшылар қиындыққа тап болған журналистердің кәсіби этикасы, жалған ақпаратпен күрес және журналистикадағы фактчекиң маңызы туралы сөйлесе, журналистер түрлі оқиғалардан ақпарат тарату кезіндегі тәжірибесін айтып береді. 

Қатысушылардың бәрі іс-шараға қатысқаны туралы сертификат алады, ал ең белсенді қатысушыларға сыйлық береді. Ұйымдастырушылар кофе-брейк кезінде бейресми форматта әңгіме өрбіп, қарым-қатынас дами түскенін қалайды. 

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮКТЕП АЛУ

Іс-шара Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі, Internews пен KIMEP университетіндегі Медиа және коммуникация кафедрасының қолдауымен өтеді. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи