REVIVE жобасы аясында контент өндірісін қолдау байқауының жеңімпаздары анықталды

0
1035

Былтыр қыркүйектің аяғында Internews өкілдігі REVIVE жобасы аясында сапалы контент өндірісін қолдау байқауын жариялады. Бұл контент жергілікті тұрғындардың елде, аймақта және әлемде боп жатқан оқиғаларды тереңірек түсінуіне, сол процесстердің қоғамға және өмір сүру салтына қалай әсер ететінін бағамдауға көмектеседі.

Internews байқауына барлығы 171 өтініш, атап айтқанда: Қазақстанда – 42, Қырғызстанда – 75, Тәжікстанда – 19, Өзбекстанда – 35 өтініш келіп түсті. Өтініштердің байқау критерийлеріне сай екенін тексерген техникалық іріктеуден кейін әр елдегі комиссия сол жобаларды бағалауға кірісті. Комиссия құрамына тәуелсіз медиасарапшылар мен Internews сарапшылары енді. Питчиң қорытындысы бойынша 20 жоба жеңімпаз атанды: Қазақстан мен Тәжікстанда екі-екі жобадан (50 000 еуроға дейін грант) болса, Қырғызстанда алты жоба (25 000 еуроға дейін грант), Өзбекстанда 10 жоба (4 500 еуроға дейін стипендия).

Қазақстан бойынша байқау жеңімпаздарының тізімі:

  • Журналистік зерттеулер орталығы (Центр журналистских расследований)  «Достоверно о важном» жобасын жүзеге асыра отырып, қоғамдық маңызы бар тақырыптарда зерттеу пен сұхбат форматындағы материал дайындайды. Жобаның аудиторияға күнделікті өмірде ұшырасатын кез келген сұрақ бойынша фактчек жасау әдісін үйрететін «Бәріне арналған фактчекинг» деген бөлек бір бағыты бар.
  • Exclusive баспа үйі «Ұрпақтар диалогы» («Диалог поколений») жобасын жүзеге асыра отырып, түрлі буын өкілдері даулы тақырыпты талқылайтын видеороликтер циклін жасайды.

Таңдалған серіктестер Орталық Азия елдеріндегі медиа тұтыну бойынша аймақтық зерттеудің алдын ала нәтижесіне қарай өтініштерін жетілдіріп, пысықтауы керек. Содан кейін жеңімпаздар жоба тренерлері мен тәлімгерлерінің қолдауымен 2023 жылы жобасын жүзеге асыруға кіріседі.

Контент өндірісіне арналған грант байқауы Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен «Серпінді орта үшін әркелкі ақпаратпен қарым-қатынас және төзімділік» (REVIVE) жобасы аясында өтті.