Қазақстандағы Internews өкілдігі қазақ және орыс тілдерінде шығатын «Медиасын» бөлімін басқаратын серіктес іздейді

0
469

Таңдалған серіктес Қазақстанда осы жанрды медиаресурсында дамытады, деп сеніп отырмыз. 

Әлқиссасы

Орталық Азиядағы Internews өкілдігі 2019 жылдан бері Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда медиасын жанрын дамытып жатыр. Осы уақыт ішінде төрт рет аймақтық медиасын мектебін өткізіп, кемі 30 авторды оқытып, медиасын жанрында жазылған материалдарға медиақауымдастықтың ғана емес, белсенді азаматтарды да қызықтыра алатын деңгейге жеттік. Қазір бұл жанрды тәуелсіз редакцияның дербес басқаруына беруге болатын потенциалы бар екенін көріп отырмыз.

Қазақ тіліндегі медиасын материалдарды мына сілтемеге өтіп, оқуға болады. 

Орыс тіліндегі материалдар мұнда жарияланған. 

Енді Қазақстанда медиасын жанрын ілгерілетіп, дамыта түсу үшін серіктес қоғамдық ұйым немесе медиа ұйым іздестіріп жатырмыз. Мұны қолға алатын ұйымның өз ресурсында жаңа медиаөнім дайындауға деген құлшынысы, тәжірибесі және дамытатын әлеуеті болуы керек. 

Потенциал серіктеске қойылатын талап: 

  • ҚР заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген;
  • Медиа саласындағы кемі үш жыл жұмыс тәжірибесі бар;
  • Жобаларды сәтті монетизацияға шығарған;
  • Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істеп тұрған сайты 

болуы керек.

Қазақстандағы Internews өкілдігінің бастапқы кезеңде ұсынатын қолдауы

Internews тарапы таңдалған серіктес жобаның алғашқы айларында кеңес беріп, қаржылай қолдау көрсетеді: 

  • қазақ және орыс тілдерінде жазатын кәсіби авторлар қосыны;
  • «Жаңа репортер» сайтындағы медиасын бөлімінің продюсері, редакторы мен корректор көмегі;
  • монетизация бойынша тәлім беретін сарапшы тарту;
  • 2019 жылдан бері жарияланған материалдар мұрағаты;
  • авторлардың қаламақысын төлеуге қаражат.

Қатысуға қалай өтініш береді?

Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылғы 14 сәуірге дейін өтініш толтырып, жіберу керек. Жобаны дамыту бойынша алдын ала жоспарыңыз және монетизацияға шығару жоспарыңызды күтеміз. 

Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Қазақстанда медиасын жанрын дамыту» деп көрсетіңіз.

Ұйым туралы

Internews Network — БАҚ-қа қолдау көрсететін халықаралық коммерциялық емес ұйым.

Негізгі қызметі:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, телебағдарламалар жасауына, контент өндірісіне және жаңа медиа технологияларды ілгерілетуге көмектесу;
  • Шығармашылық және техникалық қызметкерлерді кәсіби даярлау;
  • Жұртшылыққа медиа және цифрлы сауат машықтарын үйрету;
  • БАҚ-қа құқықтық көмек.

Жоба Америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көмегімен мүмкін боп, Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында орындалып жатыр.