БайқауларҚР Парламентінің жұмысынан ақпарат тарататын журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау басталды

ҚР Парламентінің жұмысынан ақпарат тарататын журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау басталды

Internews Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында ҚР Парламентінің жұмысынан ақпарат тарататын журналистерге арналған оқу сапарына қатысуға байқау жариялады. Сізді Еуропа елдерінің біріне баратын оқу сапарына қатысуға шақырамыз. Оқу сапарының мақсаты — сайлаушыларды ақпараттандыру ісін жақсарту үшін парламенттің баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы коммуникацияның тиімді тәсілдерін зерттеп-зерделеу. Оқу сапары 2023 жылғы маусымның екінші жартысында болады.

Делегаттар сол елдегі парламент және мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу өткізеді; оқу сапарының бағдарламасында БАҚ редакцияларына барып, кәсіби медиақауымдастық өкілдерімен кездесу де жоспарларған. 

Байқауға қатысу үшін онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Өтініш қабылдау 2023 жылғы 30 сәуір, Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады. 

Байқау комиссиясы келіп түскен өтініштерді қарап, 2023 жылғы 10 мамырдан кешіктірмей шешім қабылдап, хабардар етеді.

Өтініштерді мына критерий бойынша таңдайды:  

  • Қазақстан Республикасы Парламентінің бір және/немесе екі палатасына жарамды аккредитациясы болуы;    
  • журналистика саласында кемі 5 жылдық жұмыс тәжірибесі; 
  • парламент пен медиа жұмысының ерекшеліктерін және олардың арасындағы тиімді коммуникацияның маңызды екенін түсіну;
  • оқу сапарында алған білім мен ақпаратты жұмыста пайдалану стратегиясы;
  • бас редактордың (редактордың) немесе медиа ресурс иесінің рекомендациясы;
  • парламент палаталарының жұмысы туралы жариялаған материалдарының гиперсілтемесі (кемі 5 жарияланым).

Қандай да бір сұрақ туындаса,  kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. 

Бұл жоба америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегімен жүзеге асып, USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи