БайқауларЖурналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренинг. Қатысуға қайта өтініш жіберу қажет

Журналистиканың негізгі машықтарын үйрететін тренинг. Қатысуға қайта өтініш жіберу қажет

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Журналистиканың негізгі машықтары трениңіне қатысуға өтініш толтырған адамдарға өте маңызды хабар! Қатысуға арналған өтініш формасы қате жасалған екен. Байланыс мәліметі, яғни эл.пошта мен телефон нөмірін жазатын қатар жоқ боп шықты. Өтініш үлгісін түзетіп, жоқ қатарды қостық. Өтінішті қайта толтырып, жіберуді сұраймыз. Осы қатенің себебінен дедлайнды 10 мамырға дейін ұзарттық. Ыңғайсыз жағдай туындағаны үшін кешіріңіз.

«Жас журналистер одағы» ҮЕҰ ҚБ Internews ұйымымен бірлесіп, қызметін жаңадан бастаған журналистерді, журналистика факультетінің студенттері мен түлектерін журналистиканың негізгі машықтарын үйреніп, базалық принциптерді меңгеруге шақырады. 

Екі күндік интенсив оқуға Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Жезқазған қаласының тұрғындарынан өтініш қабылданады. 

Сөз шеберлері мен тренерлер сізге мына машықтарды үйретеді:

  • жаңалық дегеніміз не, ақпарат ағымының арасынан қажет әрі ең құнды мәліметті қалай сүзіп алуға болады;
  • журналист дереккөзбен қалай дұрыс байланысуы керек, ақпараттың нақтылығын қалай тексереді;
  • ақпарат тарату және жаңалық кейіпкерлерімен қарым-қатынас кезінде этика нормаларын сақтау;
  • аудитория қызығушылығын ескере отырып, материалды қалай дайындайды.

Тренинг 2023 жылғы 28-29 мамыр күндері Қызылорда қаласында өтеді. Курс аяқталған соң материалдарыңызды тездетіп жасау үшін 2 апта бойына тәлімгер көмегін алып, қолдауына ие бола аласыз.

Тренинг қазақ және орыс тілдерінде болады.

Қатысу — тегін. Қатысушыларды өтінішті қалай толтырғанына қарап таңдайды. Ынта-ықыласы жоғары, кәсіби журналистикада жұмыс істегісі келетін немесе БАҚ-та жұмыс істеп жүрген үміткерлер басымдыққа ие.

Қатысу үшін мына онлайн-өтінішті толтырыңыз. Өтініш қабылдау 2023 жылғы 10 мамыр, сағат 19:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Қандай да бір сұрағыңыз болса, kz-info@internews.org электронды поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбын «Негізгі машықтар тренингі бойынша сұрақ» деп көрсетіңіз.

Бұл іс-шара америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегіне мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. Мазмұнына «Жас журналистер одағы» ҮЕҰ ҚБ жауапты және мазмұны USAID, АҚШ Үкіметі немесе Internews көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи