Internews SCARF жобасын қорытынды бағалау жасайтын сарапшы табу үшін байқау жариялады. Өтініш қабылдау 2023 жылғы 26 маусым, Астана уақытымен сағат 10:00-де аяқталады. Сарапшы жобаның Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанда жүзеге асырылған екі кезеңіне төмендегі критерийлерге сәйкес қорытынды баға береді. Осы хабарландыруда жазылған талаптарға сай келетін өтініштер ғана қарастырылады. Жобаны қорытынды бағалау үшін істейтін жұмыс ауқымымен танысуға болады.
ЖҰМЫС АУҚЫМЫ
«Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат тарату мен ілгерілетуді қолдау» (SCARF) жобасын қорытынды бағалау
ЖОБА ТАРИХЫ
Интерньюс 2020 жылғы тамызда «Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат тарату мен ілгерілетуді қолдау» (SCARF) жобасын бастады. Бұл жобаның мақсаты – демократиялық және толерантты қоғамның дамуы үшін діни сенім бостандығы мәселелері туралы материалдар сапасын, саны мен таралуын жақсарту. Жобаның бірінші кезеңі 2020 жылғы тамыздан 2022 жылғы тамызға дейін (24 ай) Тәжікстан мен Өзбекстанда жүзеге асты. Екінші кезеңі 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Тәжікстанда басталды, 2024 жылғы ақпанға дейін (18 ай) жалғасады.
SCARF жобасының кезеңдері | Мерзімі | Мақсатты елдер |
Жобаның бірінші кезеңі | 24 ай | Тәжікстан, Өзбекстан |
Жобаны ұзарту | 18 айға ұзарту | Қазақстан, Өзбекстан |
Жобаның мақсаты
Демократиялық, толерантты қоғам құруға септесу үшін діни сенім бостандығы мәселелері бойынша жоғары кәсіби материалдардың сапасын, саны мен таралуын жақсарту. |
1 міндеті
Діни сенім бостандығы мәселелері бойынша жоғары сапалы, конфликт-сезімтал контент жасайтын жергілікті потенциалды арттыру |
1.1: Діни сенім бостандығы жайлы ақпарат таратуды үйрететін тренерлерді жан-жақты дайындау және тәлімгерлік ету
1.1.1: Кіріспе семинарлар 1.1.2: Тренерлерді дайындау (TOT) 1.1.3: Медиаға арнап, діни сенім бостандығы мен дін жайлы ақпарат тарату бойынша тренинг модулін әзірлеу 1.1.4: Модульді аяқтап, негізгі тренерлерді таңдау 1.2: Журналистерге арнап, діни сенім бостандығы және дін туралы ақпарат тарату бойынша тренинг 1.2.1: Контент жасаушыларға тренинг 1.2.2: Бас редакторларға тренинг |
2 міндеті
Діни мәселелер бойынша дискурс тудыратын және түсіністік пен толеранттылықты насихаттайтын инклюзив контентке тартуды арттыру. |
2.1: Дін, діни қауымдастықтар мен діни еркіндік тақырыптары бойынша сапалы ақпарат таратуға практикалық және техникалық көмек, грант пен стипендиялар
2.2: Қауымдастықтардағы діни еркіндік туралы дискурстарды ілгерілету бойынша аймақтық іс-шара |
БАҒАЛАУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты – жобаның тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау; мына негізгі анықтама сұрақтарға және нақты оқу сұрақтарына жауап беру; болашақта ұқсас жобаларға ұсыныс дайындау. Жобаны ұзарту кезінде елдердің назары ауысуына байланысты жоба жүзеге асырылған елдердің әрқайсысында көрсетілетін қолдаудың көлемі мен формасындағы айырмашылықтарға ерекше назар аударуы керек; әртүрлі кезеңді салыстырмалы бағалау құпталады.
Бағалаудың негізгі сұрақтары:
- Бенефициар БАҚ/контент жасаушылар жоба қызметін/қолдау көрсетуді қаншалықты пайдалы деп тапты?
- Егер бар болса, олар бұл жұмыстың нәтижесін (өнімін), қалай пайдаланды?
- Егер бар болса, жоба нәтижелері қаншалықты тұрақты?
- Бұл нәтижелерді қалай сақтап қалуға болады?
- Бенефициарларға діни бірлестіктермен жұмыс істеу/осы тақырыптар бойынша ақпарат тарату оңай болды ма?
- Жоба аясындағы іс-шаралар редакциялық немесе басқару тәжірибесін өзгертті ме?
- Бенефициарлар немесе редакторлар/менеджерлер дін істері мен діни қауымдастықтар туралы ақпарат таратудың маңыздылығына/қажеттілігіне деген көзқарасын өзгертті ме?
Нақты оқу сұрақтары:
- Контент жасаушылар және/немесе редакция қызметкерлері арасында діни мәселелер бойынша контент контент жасау мен контент жасау процесінде операцияларға, динамикаға өзгерістер енгізу үшін контентке араласудың қайсысы тиімді?
- Діни әртүрлілік пен толеранттылық туралы бейтарап және/немесе позитив оқиғаларға/тұлғаларға проактив контент жариялаудың жалған ақпаратпен немесе діни мәселелерді теріс жағынан көрсетумен күресуге арналған реактив контент жариялаудың айырмашылығы қандай?
- Аудиторияның қабылдауын өзгертуге қандай стори түрлері (адамға бағытталған, очерк, жаңалықтар, тарихи және т.б.) тиімді?
- Діни кемсітушілік/зорлық-зомбылық туралы материалдар жариялаған журналистерге/БАҚ-қа қандай факторлар, қауіп-қатер мен қиындық әсер етеді?
Ұсыныстар:
- Бағалау есебінде осы саладағы медиабағдарламаларға арналған дәлелді ұсыныстар болуы керек. Мына тармақтарды қамтуы керек:
- Діни толеранттылық мәселелері туралы контентке қатысуды арттыратын діни сенім бостандығы мәселелері бойынша жоғары сапалы, конфликтке сезімтал контент жасау тәсілдері жайында ұсыныстар.
- Конфликттің аспектілерін ескеретін жоғары сапалы контент жасау үшін жергілікті әлеуетті арттыру тәсілдерінен сабақ алу.
- Діни сенім бостандығы мәселелері бойынша конфликтке сезімтал контентпен өзара әрекеттесуді қалай арттыруға болатын мүмкіндіктер немесе әлеуетті болашақ прогресс туралы нұсқаулық.
- Жоғары сапалы, конфликтке сезімтал контент жасау кезінде нәтижелерге қалай қол жеткізу бойынша сабақ алу.
Жобаның болжамды бюджеті: $6,000 — $8,000.
БАҒАЛАУ ПРОЦЕССІ МЕН ФОРМАТЫ
Бағалау процессі үш негізгі кезеңнен тұруы керек: (1) методологиясын әзірлеу, (2) деректер жинау және (3) талдау мен есеп жазу. Бағалау кезінде SCARF-тың барлық бенефициары мен серіктестері ескерілуі керек екеніне қарамастан, бағалаушы(лар) тереңдетілген бағалау үшін тақырыптық зерттеулерді ерекшелеп, бөліп қарауына болады. Бағалау тобы конфеденциал және қызметтік ақпаратпен жұмыс істегенде өз қалауынша әрекет ете алады және бағалауды әзірлегенде, деректер жинағанда, деректерді талдауда және осы бағалау деректерін басқару барысында «Зиян тигізбе» принципін ұстанады.
Internews таңдалған бағалаушыға барлық тиісті дереккөздер және контактілерді береді:
- Жоба қызметкерлері
- Консультанттар мен тренерлер
- Оқу материалдары мен ресурстарды дайындау және пайдалану
- Қатысушы БАҚ-серіктестер
- Жоба сипаттамасы және бағалау мен мониторинг бойынша есеп
- Іс-шаралар мен тренингтерді, есепті, тестер мен сауалнама нәтижелерін бағалау
- Мониторинг бойынша басқа да деректер мен қажетіне қарай жобалық құжат
- Медиа өнім
Дерек жинауға ұсынылатын құралдар:
- Жобалық құжаттама мен деректерді талдау
- SCARF бағдарламасының қажет қызметкерлерімен сұхбат
- Қатысып жатқан БАҚ / контент өндіруші бенефициарлармен іріктеме сұхбат/фокус-топ
- Таңдалған аудиториямен сұхбат/фокус-топ
- Консультанттармен/тренерлермен сұхбат
- Топтарға салыстырмалы талдау
Жоғарыда аталған мақсат, міндет, процесс және формат бойынша бағалаулар түсіндірмелі мәнге ие және тек нұсқаулық ретінде келтірілген. Сондықтан да аталған тәсілдермен шектелмейді. Сарапшының жоғарыда айтылмаған бағалаудың балама тәсілдерін ұсынуы құпталады. Егер өтініш беруші балама тәсілдер ұсынса, онда балама методологияны айқындауы және бағалаудың жалпы тәсілі бағалаушы ұсынған бағалау методологиясына қосуы керек. Таңдалған өтініш беруші ұсынған тәсіл іріктеуден кейін жобаны жасаушы топпен кеңесе отырып, талқыланып, түзетілуі мүмкін.
ОРЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
- Құжаттарды, соның ішінде бастапқы сұраныстар мен ұсыныстарды, тоқсан сайынғы сипаттамалық есептерді және мониторинг пен грант деректерін, грант алу мүмкіндігінің құжаттамасын, жоба мазмұнын талдауды және қажет болған жағдайда басқа да жазбалар мен дерек жинау құралдарын толық тексеру.
- Жобаны жүзеге асырушы топпен бірге зерттеу методологиясын және басқа да детальдерді жетілдіріп, стейкхолдерлердің әрбір көзделген мүдделі тобын тартуға бағытталған деректерді жинау құралдарын (мысалы, жартылай құрылымдық сұхбаттар, сұхбаттар немесе фокус-топ сценарийлері) жасау.
- Жоба нәтижелерін бағалау үшін жобаның барлық мақсатты елдерінде қажет болған жағдайда жоба қызметкерлерімен, кеңесшілермен және тренерлермен, қатысушы медиа серіктестермен және қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен бетпе-бет/онлайн кездесулер/сұхбаттар/фокус-топтық талқылаулар өткізу. Бұл деректерді жинау сол деректерді талдауға негіз болатын егжей-тегжейлі жазбалары және/немесе транскрипттерді қамтуы керек.
- Жиналған мәліметтерді талдаңыз. Бұл, ең алдымен, дереккөздерін қысқарту мен триангуляция жасау және талдайтын ақпаратпен қамтамасыз етуге пайдаланылатын сапалы деректерді талдау үшін кодтауды (сodebook) қамтиды. Өтініш беруші ұсынысында қорытынды есеп үшін деректерді қалай талдайтынын егжей-тегжейлі сипаттауы керек. Үш елдегі деректер бағаланатынын ескере отырып, өтініш беруші салыстырмалы талдауды қалай жүргізетінін түсіндіруі керек.
- Ағылшын тіліндегі қорытынды есеп (15–20 бет) түйін мен ұсыныстардан тұрады. Есеп жалпы қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы және үш елдің әрқайсысынан нәтижелер ұсынып, салыстыруы керек. Сондай-ақ қысқаша түйіндемені немесе соған ұқсас құжат болуы керек. Есептің соңғы құрылымы бағалаушы мамандарды таңдағаннан кейін Internews-пен келісіледі. Сарапшы қажет болған жағдайды ақпаратты түзетіп, есептің ішкі итерациясын жасап, жиынтық құжаттың сыртқы нұсқасын жасауы мүмкін.
- Жоба тобы мен донорға бағалау қорытындысын таныстыру және қорытындылау (бірінші есеп шимайы және қорытынды есеп).
БОЛЖАЛДЫ МЕРЗІМ:
Төменде ұсынылған кестеге сәйкес, шамамен 26-34 жұмыс күні ішінде аяқталады. Қорытынды бағалау есебін 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін ұсынуы керек.
ОРЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР | БОЛЖАЛДЫ LOE (күн) | СОҢҒЫ МЕРЗІМ |
Мақсаттар мен басымдықтарды белгілеуге арналған кіріспе кездесу | 1 | TBD |
Жоба бойынша қолда бар ақпараттарға (құжаттар, материалдар, есептер, мониторинг пен бағалау деректер базасы және т.б.) кабинетішілік талдау жүргізу. | 4-5 | TBD |
Зерттеу методологиясын, бағалау жүйесін, сұхбат алушылардың тізімін және сұхбат сұрақтарын нақтылау. | 3-4 | TBD |
Далалық кезең: негізгі ақпарат берушілермен сұхбат/фокус-топ жүргізу. | 7-10 (approx. 2-3 days per country) |
Қазақстан: TBD Тәжікстан: TBD Өзбекстан: TBD |
Жиналған ақпаратты талдау және бірінші шимай нұсқаны жазу | 7-9 | TBD |
Жоба тобымен бірге бастапқы бағалау нәтижелері мен ұсыныстарды қорытындылау. | 1 | TBD |
Бірінші нұсқаны жаңартып, қорытынды есепті дайындау. | 3 | TBD |
«Интерньюс» комментарийі негізінде бағалау есебін аяқтап, қорытынды есепті таныстыру. | 1-2 | 20 желтоқсан 2023 |
САЙ КЕЛЕТІН ҮМІТКЕРЛЕР
- Қатысуға жергілікті және халықаралық бағалау сарапшылары мен бағалау қызметтерін ұсынатын компаниялар шақырылады.
- Әрбір білікті үміткер жұмысқа орналастыру үшін қарастырылады. Internews нәсіліне, жынысына, гендерлік кімдігіне немесе бағдарға, генетикалық ақпаратқа, жасына, ұлтына, отбасылық жағдайына, мүгедектік мәртебесіне, саяси идеологиясына, әскери немесе қорғалатын ардагер мәртебесіне немесе кез келген басқа белгілерге байланысты кемсітушілік жасамайды.
БАҒАЛАУ САРАПШЫСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІ / ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:
- Әлеуметтік ғылымдар, БАҚ, халықаралық даму, бағалау НЕМЕСЕ балама кәсіби тәжірибе саласындағы магистр дәрежесі не одан жоғары ғылыми дәрежесі болуы.
- Мониторинг және бағалау, сұхбат әдістерін қолдану (бетпе-бет және қашықтан), сапалық және сандық деректерді жинау және талдау, зерттеу және статистикалық талдауды қоса алғанда, жобалардың аралық және қорытынды сыртқы бағалауын жүргізу бойынша расталған тәжірибе.
- Сол елдердегі БАҚ және саяси ортадан хабардар болуы; осы елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарының проблемасын терең түсіну.
- Мәдениетаралық қарым-қатынас / мәдениеттерді сезіну білу бойынша жоғары машық.
- Міндетті түрде ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгеруі және елдің кем дегенде бір тілін (қазақ, тәжік, өзбек) еркін меңгеруі құпталады, бірақ талап етілмейді.
- Барлық міндеттерді орындау кезінде сарапшы Internews-тің негізгі құндылықтарын түсініп, ұстанады деп күтіледі.
ӨТІНІШКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Методология тәсілін сипаттайтын техникалық ұсыныс
- Қаржылық ұсыныс / оферта (АҚШ долларымен) (барлық салық төлемдері мен қажет болса, қазақ, тәжік, өзбек тілдерінен аударма жасау қызметінің де құны енгізілгеніне көз жеткізіп алыңыз)
- Бағалаушының түйіндемесі және жобаға қатысы бар кемі екі адамның контактісі.
- Портфолио және бұрын ұқсас жұмыстар істегені туралы ақпарат.
- Өтініш ағылшын тілінде болуы керек.
- Өтінішті мына эл.поштаға жіберу қажет nkovalyova@INTERNEWS.ORG
- Өтініш қабылдау 2023 жылғы 26 маусым, Астана уақытымен сағат 10:00-де аяқталады