Жас редакцияны дамытудың негізі. Қазақстан мен Өзбекстан медиаменеджерлеріне арналған трениң

0
4085
Иллюстрация: Midjourney, Алексей Ли

Internews ұйымы BeGlobe агенттігімен серіктесе отырып, 2023 жылғы 27-30 мамыр күндері Алматыда «Жас редакцияны дамытудың басты негіздері. Редакция жұмысын идеядан нәтижеге жеткізу» деген офлайн-трениң ұйымдастырады. Трениң Қазақстан мен Өзбекстандағы жас медианың (құрылғанына 3 жылдан аспаған) бас редакторлары мен бас редактор орынбасарларына арналған.

Қатысушылар редакцияның қызметіне заманауи тұрғыдан, яғни микроәлем ретінде қараудың жай-жапсарын: күн тәртібіне ілесіп, әлеуметтік желі парақшаларын соған сай жүргізуден бастап мерч сатуға дейінгі жұмыс процессін, оқырмандарды жанашыр қауымдастыққа біріктіру мен қаржыландырудың балама көздерін нығайтудың әдіс-тәсілін біліп, үйренеді. Трениң соңында әрбір қатысушы редакцияны дамытудың тыңғылықты стратегиялық жоспарын жасайды. Бұған тәжірибелі медиаменеджер мен «Новая газета Европа» басылымының атқарушы редакторы Вячеслав Половинко, және тағы басқа лектор, тренерлер көмектесіп, жетекшілік етеді.

Трениң бағдарламасы: 

  • I күн. Кадр мәселесі, редактордың рөлі, редакцияны басқару мәселесі, жоба авторларымен және продюсерлермен жұмыс істеу;
  • II күн. Редакция саясаты мен редакцияның стандарттары, жанр, формат, аудиториямен жұмыс істеу;
  • III күн. Бюджет жасау, жарнама келісімшарттары, грант, натив жарнама, мемлекеттік тапсырыс, трафикті бюджет тарту құралы ретінде пайдалану;
  • IV күн. Материал дайындау – тақырыптарды бөлу, тұжырымдамасын жасау, редакциялау мен корректура, дайын материалды жариялау уақытын таңдау, ілгерілету мен SMM.

Қатысушылар төрт күн бойы трениң өтетін жерде боп, бастан-аяқ қатысуға дайын болуы керек. Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлермен жеке әңгімелеседі. 

Трениңге тіркелу үшін мына онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Өтініш қабылдау 2023 жылғы 14 мамыр, Астана уақытымен сағат 19:00-де аяқталады.

Қандай да бір сұрақ туындаса, amadyarova@internews.org эл.поштасына хат жаза қалыңыз. 

Трениң орыс тілінде өтеді, қазақ және өзбек тілдеріне аударылған әдістемелік материалдар таратылады. Қатысу — тегін. Трениң кезінде ұйымдастырушылар тарапынан түскі ас қарастырылған. Алматыға басқа өңірден келетін қатысушылардың жол және жатын орын шығынын ұйымдастырушылар өтейді.  

Бұл трениң америка халқының АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы берген көмегіне мүмкін болды және USAID қаржылай қолдауымен Internews жүзеге асыратын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында өтеді. Мазмұнына BeGlobe жауапты және мазмұны USAID, АҚШ Үкіметі немесе Internews көзқарасымен сай келмеуі мүмкін.