Оқиғалар«Қырым керуені» деректі фильмі: түптеп келгенде Қырым кімдікі?

«Қырым керуені» деректі фильмі: түптеп келгенде Қырым кімдікі?

Қырым кімдікі? Бүгінде бұл сұрақ әңгімелесушінің әлемде боп жатқан оқиғаларға деген көзқарасын тез анықтаудың бір тәсіліне айналды. Қазақстандық журналист Айнұр Коскина «Қырым керуені» жобасының командасымен бірге бұл сұраққа өз жауабын ұсынды: Қырым — ресейдікі де, украиндікі де емес, Қырым — Қырым татарларынікі.

«Еркіндік періштелерінің» клубында өткен кездесуде Айнұрдың ойына Қырым татарларының өзін-өзі мәжбүрлеп депортациялау оқиғасын баяндау туралы идея келеді. Бұл — қазақстандықтарды толокаға (Еркіндік періштелерінің волонтерлері клуб жиналысын осылай атайды) жиналып, көк-сары түсті кішкентай періштелерді жасауға шақыратын еріктілер ұйымы. Қуыршақтарды сатудан түскен қаражаттың барлығы бомбалаудан зардап шеккен украин мектептері мен балабақшаларын қалпына келтіруге жұмсалады. Ресейде ішінара әскери мобилизация жарияланғанда толокаларға жаңадан көп адам келе бастаған екен, бірақ бәрі аз сөйлеп, әңгімелесуге құлық таныта қоймайды. Үнсіз отырып, кішкентай періштелерді жасайды. Кейін олардың көбі ресейлік релоканттар екені белгілі болды. Уақыт өте клубқа жаңа қатысушылар қосылады. 

— Толокаға қырым татарлары келе бастады. Маған олар біздің адам, яғни қазақстандықтар сияқты көрінді. Есімдері де қазақшаға ұқсайды, — деп еске алды Айнұр Коскина.

«Қырым керуені» фильмінен скриншот. Фильм кейіпкерлері «Еркіндік періштелері» клубының толокасындаАйнұр сонда жүріп, Ресей билігі өзі аннекциялап алған Қырымда мобилизация жариялағанда отбасымен бірге Қырымнан қашуға мәжбүр болған Гүлзарамен танысады. Ол осылайша StoryCraft2023 еларалық жобалар байқауының нәтижесінде REVIVE жобасы аясында қаржыландыруға ие болған «Қырым керуені» деректі фильмінің бас кейіпкеріне айналды.

StoryCraft2023 байқауына қатысудың негзгі шарттарының бірі — еларалық команда болуы керек. Демек, әрбір жобаны Орталық Азияның ең кемі екі елінде тұратын адамдар бірігіп жасауы міндетті. «Қырым керуені» жағдайында бұл талап — байқаудың шарты ғана емес, жобаны сапалы етіп жасауға тікелей әсер ететін кәсіби қажеттілік те болды:

— Мен шешендерді, кәрістер мен немістерді депортациялау тарихын жақсы білетінмін. Бірақ Қырым татарларының депортациясынан хабарым жоқ болатын. Өйткені оларды Қазақстанға тікелей жер аудармады. 1944 жылғы депортация тарихын зерттей бастағанымда Қырым татарларының бәрін дерлік не Оралға не Өзбекстанға күштеп жер аударғанын білдім. Сондықтан осы тақырыпты зерттеуге көмектесетін өзбекстандық әріптестерді іздеуге бірден кірістім, — дейді Айнұр Коскина.

«Қырым керуені» жобасының командасы StoryCraft2023 байқауында

Осылайша жобаға Өзбекстанда тұратын журналист Сабохат Рахмон қосылды. Ол Қырым татарларымен көрші тұрып, арасында өскен екен. Оған да идея қатты ұнайды. StoryCraft2023 байқауына қатысудың тағы бір маңызды шарты — жобаның прототипі болуы керек:

— Біз фильмді түсіруді грант жеңіп алардан бұрын, әлдеқайда ерте бастадық. Өйткені кейіпкерлерімізді қазір түсіріп үлгермесек, олар сапарын ары қарай жалғастырып, хикаясыз қалатынымызды түсіндік. Мені қолдап, тәуекел етіп, жұмысқа кірісіп кеткен түсірілім тобына, режиссер мен операторға алғысым шексіз. Сондықтан да командамыз StoryCraft2023 зертханасына түсірілімі басталған дайын идея алып келді, — дейді Айнұр Коскина.

«Қырым керуені» жобасының командасы StoryCraft2023 байқауында тәлімгер Вячеслав Половинкомен бірге жұмыс істеп жатыр

Зертханада төрт күнге жалғасқан өнімді еңбектің нәтижесінде, команда дайын идеяны біртұтас жобаға айналдырды. Шақырылған тәлімгерлер идеяны әбден пысықтап, пісіріп, жобаның ерекше тұстары мен қисынын тауып, өзгеше көрнекі стилін жасауға көп көмектесті:

— Хикаямыз бар, соны айтқымыз келеді, бірақ аудиторияға қалай жеткізетінімізді түсінбедік. Зертханадан идеямызды пісіріп, енді не істейтінімізді әбден түсініп, біліп алдық. Жобаны қаржыландыру да маңызды, бірақ тәлімгерлермен осылайша нәтижелі жұмыс істеу тіпті маңызды боп шықты, — дейді Айнұр.

«Қырым керуені» жобасынан бэкстейдж фото. Сұхбат түсіру

Зертханадан кейін фильмді түсіру жұмысы қыза түсті. Жобаға Қазақстан, Өзбекстан мен Украинадан жаңа медиамамандар, кейіпкерлер, еріктілер қосылды. Олардың қай-қайсысы да ортақ іске ерекше үлесін қосып қана қоймай, Қырым татарларының үлкен трагедиясынан хабардар ететін тарихқа жан дүниесі мен жүрегін торлаған мұнның бір бөлшегін берді. Фильмді соншалық әсерлі етіп, жүректерге жеткізген де осы бір ерекшелігі болса керек:

«Әуел баста түсірілімге келіскен кейіпкерлердің көбі кейін түсірілімнен бас тартты. Оларды да түсінуге болады: бірі мобилизациядан қашып, бас сауғалап жүр, тағы бірінің Қырымда туған-туысы қалды, енді бірі таяуда Қырымға оралатынын айтты. Түсірілімді бастаған кезде кейіпкерлердің бірі: «Айнұр, біздің өміртарихымызды әлемге жеткізші» деді. Осы бір сөз жүрек түкпірімде идеямызға деген сенімді ұялатып, миссияма айналды».

На премьере фильма «Қырым керуені» фильмінің Брюсселде өткен премьерасында Айнұр Коскина «Еркіндік періштелері» клубында жасайтын қуыршақтарды көрсетті

Миссия орындалды. «Қырым керуенінің» премьерасы Брюсселде өтті. Cinema Galery залындағы тұсаукесерге 75-тен астам адам жиналды. Олар кино көріп, көңіл көтереміз, деп ойлап келсе керек:

— Залда жарық жанғанда аз уақыт бұрын мәз-мейрам боп кірген адамдардың жүзінен қайғы-мұң мен кейіпкерлерге деген аяныш сезімді көрдім. Фильмді талқылау барысында маған «Қазақстан соғыстан бас сауғалап, пана іздеген украиндар мен мобилизациядан қашқан ресейліктерді қалайша бір уақытта қабылдай алады?» деген сұрақ қойды. «Адамдардың нәсіліне, наным-сенімі мен саяси көзқарасына қарамастан қол ұшып созып, көмектесу — қазақтардың генінде бар код» деп жауап бердім.

Кейін YouTube-те ағылшын, қазақ, орыс және өзбек тілдерінде жарияланған фильмнің сілтемесін шетелдік журналистер мен басылымдар тарата бастады.

«Қырым керуенінің» кейіпкерлері қазір Қазақстаннан тыс жерде жүр. Алайда жоба авторлары олармен байланысын әсте үзген емес, өйткені бәрін біріктіретін бір арман бар: бұл — Қырымға оралу туралы фильм түсіру. Кейіпкерлер Қырым қайтадан Украинанікі болғаннан кейін ғана бұл арман шындыққа айналатынын айтады.

— «Аз қалды деп үміттенемін», — деп сөзін түйіндеді Айнұр.

«Қырым керуені» деректі фильмі Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен «Серпінді орта қалыптастыру жолында әртүрлі ақпаратпен әрекеттесу және орнықтылық» (REVIVE) жобасы аясында түсірілді. Фильмнің мазмұнына тек жоба командасы жауапты және Еуропалық Одақ пен Internews көзқарасын білдіруі міндетті емес.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи