ГранттарInternews Қазақстанда «Шағын және ірі грант — 2025» контент әзірлеу бойынша грант...

Internews Қазақстанда «Шағын және ірі грант — 2025» контент әзірлеу бойынша грант байқауын жариялады

Орталық Азиядағы ақпарат тұтастығын күшейтуге бағытталған CAIIA бағдарламасы аясында Internews Қазақстан ұйымы қазақша және/немесе орыс тілінде контент жасауға арналған шағын және ірі грант байқауын жариялайды. 

Байқаудың мақсаты — қазақ медиасының назарынан тыс қалып жатқан елдегі өзекті мәселелерді көтеретін, белгілі әлеуметтік категорияның (жастар, ауыл тұрғындары, т.б.) проблемасын шешуге, денсаулық сақтау саласындағы жалған ақпаратпен күресуге, сондай-ақ қоғамдағы таптаурындарды бұзуға және дезинформацияға төтеп беруге көмектесетін медиа жобалар жасауға қолдау көрсету. 

«Орталық Азияның ақпарат тұтастығын дамытуға ықпал ету CAIIA» жобасын USAID қаржыландырып, Internews жүзеге асырады. 

Кімдер қатыса алады? 

Мемлекеттік емес жергілікті медиа, онлайн басылымдар, тәуелсіз шағын телекомпаниялар, продакшн-студиялар, тәуелсіз авторлар, журналистер, блогерлер және басқа да шығармашылық топтар қатыса алады. Шығармашылық топ міндетті түрде заңды тіркелген (ЖШС, ЖК, Қор немесе тағы басқа) ұйым болуы тиіс. 

Ең жоғарғы грант мөлшері – Шағын грант үшін 3 миллион теңге. Ірі грант үшін 8 миллион теңге. 

Ұзақтығы: Шағын грант: 3-5 ай; Ірі грант: 6-9 ай.   

Internews Kazakhstan шағын грант аясында 4 жобаға дейін, ірі грант аясында 2 жобаға дейін қолдау көрсетеді. 

Өтініштер 2024 жылғы 27 қазан, жексенбі, сағат 23:59-ға (Астана уақытымен) дейін қабылданады. 

Байқау шарттарын толығырақ түсіндіру үшін 9 қазан күні сағат 16.00-де инфосессия болады. Байқауға қатысты сұрағыңыз болса, осы сессияда қоя аласыз. Инфосессияға тіркелу сілтемесі. 

Қандай жобалар күтеміз? 

Жасалатын контент журналистика стандарты мен медиа этикасына сай, сондай-ақ жобада фактчек пен верификация элементтері болуы шарт.  

Грант аясында жасалған контент қоғам үшін өзекті, пайдалы және көздеген аудитоия үшін өтімді форматта болса дейміз.  Мысалы жобаңыз қоғамда болып жатқан оқиғалардың  пайдасы мен зияны туралы сараптамалық материалдар сериясы, қоғамда кең таралған стереотиптерге ғылыми фактчек жасайтын анимациялық видеолар немесе вакциналарға қатысты үрей мен мифтерді сейілтетін, антимикробтарға төзімділіктің үдеуі, түрлі жұқпалы инфекциялар індетіне қоғамның дайын болуы туралы немесе денсаулық саласындағы ғаламдық қауіпсіздік тақырыбына арналған мультимедиалық лоңридтер болуы мүмкін.   

Қандай идеялар нақты қолдау таппайды? Internews мемлекеттік ұйымдарға және ұсынып отырған жобасына ұқсас контент үшін мемлекеттік гранттарға қатысып отырған медиаға қолдау көрсетпейді, сондай-ақ сайт жасауды, көркем фильмдер, сериалдар, әлеуметтік роликтер, саяхат блогтарын, музыкалық клиптер мен білім беру курстарының контент өндірісін қолдамайды.  

Байқау үш кезеңнен тұрады: 

1-кезең – Идеяларды іріктеу 

Сізден өз идеяңызды қысқаша сипаттап, онлайн өтінішті толтыруыңызды сұраймыз. Тақырыпқа шектеу жоқ. Бір команда 3 жобаға дейін ұсына алады, алайда әр жобаның өтінішін бөлек-бөлек толтыру қажет. 

Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2024 жылғы 27 қазан, сағат 23:59-ға дейін (Астана уақыты) 

Ең жоғарғы грант мөлшері: Шағын грант үшін 3 миллион теңге. Ірі грант үшін 8 миллион теңге. 

Жюри мүшелерінің іріктеуімен ең қызықты идеялар мен өзекті тақырыптар байқаудың екінші кезеңіне өтеді. 

2-кезең – Идеяны қорғау 

Үздік идеялардың авторлары арнайы питчиң сессиясына шақырылады. Оларға өз концепцияларын бес минут ішінде таныстыру мүмкіндігі беріледі. Жюри мүшелерінің алдында жобасының маңыздылығы мен іске асырылуын дәлелдеу қажет. 

Презентация кезінде сізге келесі жайттарға тоқталу керек: 

  • Пре-продакшн, продакшн және пост-продакшн кезеңдері; 
  • Жоба аудиториясы; 
  • Бюджет; 
  • Контент сипаты. 

Презентациядан кейін жюри мүшелері қосымша сұрақтар қойып, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтуы мүмкін. 

3-кезең – Қайта қарау және грант беру 

Үшінші кезеңге өткен жоба авторларына өз жобаларын жетілдіруге, бюджетін реттеуге және грант өтінімі үшін құжаттарды дайындауға қосымша уақыт беріледі. 

Іріктеу кезінде келесілер назарға алынады 

  • Идеяның тың болуы,
  • Мультимедиа элементтерінің болуы,
  • Аудитория қажеттілігін түсіну және контентті әрі қарай тарату жоспарының болуы,
  • Команданың тәжірибесі,
  • Бюджеттің ақылға қонымды болуы,
  • Жоба гендерлік теңдікті сақтауға бағытталуы керек.

Жобаны жүзеге асыру келісімшартқа қол қойылғаннан кейін басталады.  

Грант алған командаға қаржылық қолдау ғана емес, жобаны іске асыру барысында менторлық көмек көсетіледі.  

 
Қандай да бір қосымша нақтылайтын сұрағыңыз болса, Central-Asia-Applications@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз. Хат тақырыбына «CAIIA грант — 2025» деп көрсетіңіз.  

Бұл байқау Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен дайындалды. Internews ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және де ол ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің ұстанымына сай келмеуі мүмкін. 

USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін агенттіктің сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook-тегі USAID Central Asia парақшасына өтіңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia 

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи