ОқиғаларОрталық Азияда «Медиасауат керуені» жүріп өтеді

Орталық Азияда «Медиасауат керуені» жүріп өтеді

Қазақстанда, Қырғызстан мен Тәжікстанда бір мезгілде «Медиасауат керуені» ақпараттық кампаниясы басталып жатыр. Кампанияның мақсаты – үш елдегі аудиторияның дезинформацияға, манипуляция мен ғадауат тіліне қарсы тұра алатындай төзімділігін арттыруға сеп болу.

Жыл сайын, қазанның соңғы аптасында дүниежүзінде жаһандық медиасауат апталығы өтеді. Биыл апталық 24-31 қазан аралығында өтіп жатыр, тақырыбы – «Ақпараттың жаңа цифрлық межелері: қоғам мүддесін қорғайтын ақпарат жолындағы медиа және ақпараттық сауат». Орталық Азияда медиасауат апталығын атап өтуге Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан медиасынан Еуропа Одағы қаржыландырып, Internews іске асырып жатқан «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасы аясында үш ұйым қатысады.

CARAVAN 2024 жылғы 1 сәуірде басталып, 30 ай жүрмек. Оның көздегені – аймақтағы медиасауат пен сыни тұрғыдан ойлауды дамытып жүрген серіктестер арасында ұзақмерзімді әрі сенімді қарым-қатынас қалыптастырып, сол арқылы Орталық Азия елдері тұрғындарының ақпараттық күн тәртібінде адаспай, өзінше ой түсіп, шешім қабылдауына сеп болу.

Сегіз ай бойы үш елдегі медиадан үш ұйым жергілікті кампаниялар өткізіп, аймақтық іс-шара ұйымдастыру үшін бірігеді, сөйтіп «Медиасауат керуені» Орталық Азияның бірнеше елін басып өтпек.

«Медиасауат керуені» аудиторияның жаңалықтарды жақсырақ түсінуіне, объектив фактілерді сыңаржақ ақпараттан айыра алуына, оң және теріс аргументтерді саралап, оқиғалардың шынайы бейнесі мен пропаганданы ажырата алуына септесуге тиіс. 

Қазақстанда «Фонд культурных инициатив Тимура Бекмамбетова» жеке қоры «Фактчекер: цифрлық кеңістіктегі өтіріктің бетін ашу» жобасын бастап, оның аясында «Фактчекер» онлайн-тренажер форматындағы видеоойынды іске қоспақ, әлеуметтік желілерде білім беру контентін жариялап, оған қоса қазақстандықтардың назарын медиасауат мәселесіне аударатын офлайн іс-шаралар өткізбек. 

Қырғызстанда Қауым БАҚ-тары қауымдастығы онлайн дезинформация мен фейктерді тану картасын іске қосып, елдің 30 өңірінде үйретуші викториналар өткізбек.  Подкаст-сериалда дезинформация, цифрлық алаяқтық кейстері талданып,  «Акмат пен Ташмат» есімді комикс кейіпкерлері әзіл-сықақ форматында сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы турады айтады. Комиксті бүкіл ел аумағындағы медиабұрыштарға жазылған адамдардың бәрі оқи алады. 

Тәжікстанда «Равзана» ҚБ factcheck.tj платформасымен бірлесіп, «Шындық қана» кампаниясы аясында компаниялар мен университеттерде мастер-класстар, тренингтер өткізеді, ұдайы контент (лонгрид, инфографика, қысқа видеороликтер мен рилз) жариялап отырады, онлайн-куиздар мен байқаулар ұйымдастырып, микроблогерлер арасында марафон өткізеді.

Кампанияның өн бойындағы басты аспект – халықтың санасында сыни тұрғыдан ойлау машықтарын дамыту , сол арқылы фейктерді тануды, ақпараттың растығын саралауды және оны жариялаған дереккөзді бағалауды үйрету болмақ. Оған қоса, кампания аймақтағы медиа құралдары арасындағы ынтымақтастыққа сеп болып, дезинформацияға қарсы күресте бас қосып, күш біріктіруге жағдай тудырмақ.

«Мақсатымыз — Орталық Азияда тұратын адамдарға манипуляция мен дезинформациядан барынша қорғануды үйрету. Біз әр адам ақпаратты сынға салып салмақтап, не нәрсеге сенетінін өзі таңдай алатын жағдай жасап, аймақтағы медиакеңістіктің орнықтылығына қолдау болғымыз келеді» — дейді жоба жетекшісі Вадим Садоншоев.

«Медиасауат керуені» Еуропа Одағы қаржыландырып, Internews іске асырып жатқан «Шынайы әңгімелер көмегімен аудиторияның төзімділігін арттыру (CARAVAN)» жобасы аясында өтеді.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи