Медиа және азаматтық қоғам бірлесіп, дезинформацияға қарсы әрекет ете алады

0
1984
Презентация MediaCAMP

Internewsтің MediaCAMP жаңа бесжылдық бағдарламасының презентациясы ақпаратты таратудың қазіргісі мен келешегі туралы пікірталасқа түрткі болды.

«Қандай сөздер медиасауаттылықтың ұранына айналады?» деп сауал тастады пікірталас барысында Internewsтің медиамаманы Гүлнар Асанбаева.

ФАКТЧЕКИНГ – ДЕЗИНФОРМАЦИЯҒА ҚАРСЫ ЖАУАБЫМЫЗ
МЕДИАСАУАТТЫЛЫҒЫМЫЗ – АЗАТТЫҒЫМЫЗ

– Бәрі де дұрыс, бірақ медиасауаттылық ұғымына кеңірен қарайықшы. Өйткені, бұл – өміріміздің ең маңызды бөлігіне айналды.

Гульнар Асанбаева

«Оқып-үйрену, сыни пайым, білгеніңе сын көзбен қарай білу, қайта оқып-үйрену. Ақпаратты алу, бағамдау және таратуымызға мүмкіндік беретін білімімізді, медиасауаттылық негіздерін осылай анықтаймыз,-дейді Гүлнар Асанбаева.

Internewsтің USAID қолдауымен Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда жүзеге асыратын MediaCAMP бесжылдық бағдарламасының жалпы үндеуін «Оқып-үйрену» деп есептеуге болады.

«Бағдарлама еліміздегі балансталған ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Медиа аудиторияны объективті, шын оқиғаларды жасауға тарта отырып, оқырмандар мен көрермендердің пікір, идея алмасуына шақыратынына, көптеген адамның қоғам өміріне қатысуына шабыттандыранына сенімдіміз»-деді Internewsтің Орталық Азиядағы Өкілдігінің басшысы Марат Бигалиев.

MediaCAMP – аймақтық бағдарлама. Алматы, Астана және Душанбеде презентациялары өтті. Оған 200-ден астам: медиа, мемлекеттік құрылым, қоғамдық ұйым, продакшн-студия өкілдері, яғни контент жасайтындар және ЖОО оқытушылары қатысты. Бұл қызығушылық бағдарлама бағыттарының саналуандығын, әсер ететін мақсатты аудиториясының көптігін көрсетеді. 
Журналистерді және басқа да контент жасаушылардың бәрін оқып-үйрету, медиаға бизнес-менеджментін оқыту, көп аудиторияға арналған медиасауаттылық жөніндегі жобалар, медиақұқық және тағы басқа көптеген тақырыптар бойынша халықаралық сараптамалар қамтылған.

«Қазақстанда медианы қаржыландырудың екі көзі бар. Біріншісі – мемлекеттік тапсырыс, екіншісі жарнамадан түсетін ақша. Біріншісінің 80%-і мемлекеттік БАҚ-тарға, ал екіншісінің 80%-і ірі медиаларға кетеді.Ал қалған 20%-іне қол жеткізу үшін құқықтық ортаны жақсы білу қажет. Internewsтің білім беру бағдарламалары медиабизнес құруға септеседі, ал медиақұқықты білуі – медианы дамытудағы процестті мейлінше ашық етеді»,-дейді «Новое телевидение» (Қарағанда) директоры Руслан Никонович.

Орталық Азияда 25 жылдан бері жұмыс істейтін Internews өз креативті идеяларымен грант алатын серіктестерінің қатарын арттырады. Медиадан бөлек, продакшн-студиялар, тәуелсіз авторлар, үкіметтік емес ұйымдар да өз тележобаларын, фильмдер, анимациялар, ойындар және тағы басқа да көптеген нәрселер жасауда қолдауға ие бола алады.

«Бағдарламамыздың презентациясына азаматтық қоғам идеяларына қызығатын бизнес өкілдерінің де атсалысуы қуантты. Мысалы, ұялы байланыс қызметін ұсынатын Kcell компаниясын атауға болады. Презентацияға «Аластатылғандар» фильмінің режиссері Жанна Исабаева да қатысты. YouTube видеохостингіне жария жүктелген бұл фильмде күрделі де ауыр тағдыр баяндалады. Бірнеше күн ішінде үлкен аудиторияға жетті. Ақпаратты таратудың жаңа каналдарын қолдану бір жағынан медианың жаңа аудиторияны табуына болатынына дәлел. Енді бір жағынан, блог не канал жүргізетін жастарда түрлі қызық идеялардың көп екенін көрсетеді. Internews сол жобалардың үздіктеріне қолдау жасайды,-деді Internewsтің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Ержан Сүлейменов.

Презентация MediaCAMP

Бағдарламаның «Медиасауаттылық» бағыты ең үлкен аудиторияны қамтиды. Бүгінде смартфон ұстаған әрі әлеуметтік желіде аккаунты бар әрбір адам – медиа. Әрқайсымыз ақпаратты талдап-сараптай білуіміз міндет.
«Соңғы жылдары АҚШ үкіметі медиа саласындағы түрлі бағдарламаларды қолдауға көп күш жұмсады. Қазір ЮСАИД медиасауаттылықты арттыру мәселесіне көп көңіл бөледі. Әлеуметтік желілердің дамуы, әлеуметтік медиа адамдардың ақпарат алуына, бір-бірімен әрекеттесуіне әсер етті. Мұндай ақпарат ағынын тоқтату мүмкін емес, бұл бір жағынан оң әсер етсе, енді бір жағынан көпе-көрінеу жалған ақпараттың таралуына әкеп соғады. Бұл әдейі ме, әлде кездейсоқ жасала ма, қайткен күнде де жалған ақпарат адамдардың ой-пікіріне, ұстанымдарына әсер етеді, нәтижесінде қандай да бір әрекет жасауына әкеп соғады. Адамдардың объективті, көпе-көрінеу немесе біржақты ақпаратты ажыратуы өте қиын. Осы бағдарламаның арқасында қарапайым қолданушылар және кәсіби журналистер ақпарат ағынын түсіне алады,-дейді USAID-тың Орталық Азия бойынша Аймақтың миссиясының Директоры Кристофер Эдвардс.

Медианың болашағын және Internews бағдарламаларын талқылау әлеуметтік желіде де жалғасты. Репортаждарды #MediaCA хештегімен таба аласыз.