БайқауларБайқау: Қазақстанда медиаға арналған құқықтық ортаны жақсарту

Байқау: Қазақстанда медиаға арналған құқықтық ортаны жақсарту

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы аясында грант байқауын жариялайды.

Біз қазақстандық медианың қауіпсіз құқықтық ортада жұмыс істеуін, қызық та маңызды контент жасауын, нәтижесінде оқырмандар және көрермендер өздері үшін пайдалы веб-сайттарды ашып, теледидарын қосып, сүйсіне көргенін қалаймыз.

Internews сөз бостандығы құқығын қорғау және ақпаратқа қол жеткізу саласында кемі үш жыл жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық қоғамдық ұйымдарға арналған грант байқауын жариялайды.

Ұсынысыңыз және де тәжірибеңіз бар ма? Онда байқауға қатысыңыз!

Серіктесімізге ұсынатынымыз:
 Қазақстанның кәсіби қауымдастықтары арасында сауалнама жүргізіп, медиа қызметін құқықтық тұрғыдан реттеудің мәселелері мен негізгі тенденцияларын анықтау;
 Сөз бостандығының халықаралық стандарттары және медиақұқығының басқа да қырларымен салыстыра отырып, Қазақстанның медиа және цифрлық заңнамасына талдау әзірлеу;
 Заңдарды және заңға тәуелді актілерді жетілдіру үшін рекомендациялар мен құқықтық нормалар әзірлеу, оны Қазақстанның құқықтық ортасында жылжыту;
 Құқықтық ортаны саралау және мониторинг жасауға маманданған заңгерлерге арналған аймақтық семинарлар ұйымдастыру;
 Ақпаратқа қол жеткізу және оны тарату құқығын қорғау бойынша БАҚ редакциялары мен журналистеріне тұрақты түрде құқықтық кеңес беру;

Өтінімді қалай береді?

Жобалық өтінім мен жобаның бюджеті көрсетілетін форманы сілтемеге өтіп, көріңіз.
Толтырылған форманы 2019 жылдың 6 ақпаны Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін kz-info@internews.org эл.поштасына жолдаңыз.

Жеңімпаздарды іріктейтін Сарапшылар кеңесі тәуелсіз қазақстандық және және халықаралық медиақұқық мамандарынан құралады. Жеңімпаздарға 2019 жылдың 12 ақпанынан кешіктірілмей эл.пошта арқылы хабар беріледі.

Қажет болған жағдайда әрбір өтінім берушімен шешім қабылдағанға дейін кездесу өткіземіз немесе одан қосымша ақпарат сұратамыз. Өтінімдер рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

Барлық сұрақтар жөнінде +7 (727) 355 95 85 телефон нөміріне хабарласыңыз не kz-info@internews.org эл.поштасына хат жазыңыз.

Жоба MediaCAMP Орталықазиялық бағдарламасы аясында АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асады. MediaCAMP Орталықазиялық бағдарламасы туралы мына сілтемеден оқыңыз.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи