USAID logo
Internews logo

Орталық Азия Медиабағдарламасы (MediaCAMP)

Бағдарлама Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл, өз кезегінде, осы елдердің аудиторияларын идеялармен алмасуға, әр түрлі көзқарастар мен ой-пікір білдіруге тартып, қоғам өміріне белсенді қатысатын азаматтар санын арттыруы керек.

БАСТЫ БАҒЫТТАР

[vc_tta_accordion style=»flat» shape=»square» color=»white» gap=»1″ active_section=»1″ css_animation=»bounceIn» collapsible_all=»true»][vc_tta_section tab_id=»1548974787911-90fe73ba-d611″ title=»1-міндет»]

БАҚ-на маңызды саяси және қоғамдық тақырыптар бойынша балансқа негізделген, ақпаратқа толы әрі бейтарап материалдарды шығаруда көмек беру.

[/vc_tta_section][vc_tta_section title=»2-міндет» tab_id=»1548974787965-dac5209f-f17f»]

Жастар мен ересектердің медиа-ақпараттық сауатын арттыру, ақпаратты айыра алатын тұтынушылар мен жеткізушілер санын көбейту;

[/vc_tta_section][vc_tta_section title=»3-міндет» tab_id=»1548975090855-ba466387-ca81″]

БАҚ үшін құқықтық ортаны жақсарту.

[/vc_tta_section][/vc_tta_accordion]

Іске асыру кезеңі:
1 қазан 2018 жыл – 30 қыркүйек 2023 жыл

Аймақтық бюджет:
$15,000,000

Мемлекеттер:
Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан

КҮТІЛЕТІН ӘСЕРІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ

• CAMP БАҚ ынтымақтастығын ынталандыру, аудиторияны тарту және жергілікті контент өндірісіне инновациялық форматтарды енгізу арқылы пікірлер балансын сақтау приципі мен фактіге негізделген ақпараттың көлемін арттырады. Мультимедиялық форматтарда қызықты материалдар жасау үшін жергілікті БАҚ техникалық базасын жетілдіру қажет – оларды Инновациялық қор қолдайды. Сонымен қатар, жыл сайын өтетін инклюзивті контент өндіру зертханалары әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың дауысын күшейтетін құралдарды және стратегияларды әзірлеу үшін медиа және азаматтық қоғамды біріктіреді. Жыл сайынғы журналистік конкурстар арқылы Орталық Азияның аса шеберлі журналистерін қолдап, олардың әріптестер арасында танылуына көмектеседі және сапалы журналистиканың дамуына жағдай жасайды.

• Журналистер сондай-ақ дәстүрлі және «жаңа» медиа платформаларда тәжірибелі мамандар ретінде дамуға мүмкіндік беретін тақырыптық және практикалық тренингтер мен вебинарларда оқу мүмкіндігін және құқықтық қолдауды алады. «Жаңа медиа акселераторы» бағдарламасы үш елдегі инновациялық журналистік стартаптарға демеу береді, ал жыл сайынғы Орталық Азиялық медиафестиваль шеңберінде мастер-класстар, контентті алмастыру жәрмеңкелері және заманауи медиа-стратегия көрмелері өтеді.

• Топ-менеджерлердің жыл сайынғы форумы өз қатысушыларына тәуелсіз БАҚ-ның қаржы тұрақтылығы мен өміршеңдігін қамтамасыз ету, басқару дағдылары және соңғы үрдістер, сондай-ақ кірістерді диферсификациялау және бизнесті кеңейту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасуға көмектеседі. Орта буын басшыларына арналған жыл сайынғы академиялар медиа бизнестің қаржылық тұрақтылығына үлес қоса алатын шағын гранттар алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, CAMP елдердің әрқайсысында ақша қаражатына тапшы БАҚ арасында өзара қолдау мен ресурстарды алмасуға мүмкіндік беретін ынтымақтастық формаларын қолдайтын болатын.

• Азаматтар ақпаратты сыни және дұрыс бағалай алу үшін, бағдарлама медиа сауаттылықты дамытуды көздейді. Бұл үшін арнайы веб-сайтты іске қосу жоспарланып отыр, онда оқу материалдары орналастырылатын болады. Сайт арқылы медиа сауаттылық бойынша озық тәжірибе ұсынылып, Орталық Азияның БАҚ контентіне түсініктеме беріледі. Бұдан басқа, CAMP үш елдің әрқайсысында тәуелсіз этика бақылаушыларды таңдау және оқыту арқылы медиа институттардағы кәсіпқойлықтың өсуіне ықпал етеді. Олар үшін жыл сайын практикалық лагерьлер шеңберінде тренинг өткізіледі. Тренинг кезінде мониторингтік стратегиялар үйретіледі. БАҚ жұмысы сапасының бірыңғай стандарттары әзірленеді.

• CAMP «Ақпаратқа қолжетімділік» жобасы аясында әзірленген университет деңгейіндегі оқу материалдарын таратып, оларды Өзбекстандағы пайдаланушыларға аударуға және аймақтағы орта және бастауыш мектептерге бейімдей отырып, аймақтағы жалпылама медиа сауаттылықты дамытуды жоспарлап отыр. Тренерлеге арналған жыл сайынғы оқытулар, гранттар және тәлімгерлік жұмыс білікті тренерлердің жергілікті пулдарын кеңейтуге және тренингтердің санын көбейтуге көмектеседі. Қоғам медиа сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, оған талпыну үшін, CAMP осы тақырыпқа арналған ірі аймақтық конференциялар өткізеді және оларға халықаралық сарапшыларды тартады. CAMP, сондай-ақ, үш елдің әрқайсысында жыл сайын аудитория арасында зерттеу жүргізеді. Бұл зерттеулер аудиторияның қалауын, ақпарат тұтыну әдеттерін, БАҚ-қа сенім деңгейі мен сауаттылық деңгейін анықтайды.

• Бағдарлама халықты азаматтық журналистикаға тартып, жаңалықтар мен ақпарат өндірісіне қатыстырады. Internews және оның жергілікті серіктестері БАҚ-рын қоғамды контен тұтынуға және контент жасауға тартудың жаңа модельдерімен таныстырады. Аудиторияны тарту қоры жергілікті БАҚ-на осы бастамаларды ілгерілету үшін шағын гранттар береді.

• CAMP құқықтық мониторинг, аналитика және құқық қорғау қызметі сияқты құралдарды қолдана отырып, медиа саланы реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстарын қолдайды. CAMP серіктестері БАҚ жұмысын реттейтін заңнаманы мониторингілеу және талдауға мамандандырылған заңгерлердің біліктілігін арттыру үшін семинарлар сериясын ұйымдастырады. Нарықты өзін-өзі реттеу мәселелерімен айналысатын медиа бірлестіктерді кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады, сонымен қатар уәкілетті мемлекеттік және заңнамалық органдарда БАҚ мүдделерін қорғайтын болады.

• CAMP-тің оқыту және түсіндіру жобаларының арқасында тәуелсіз телерадиокомпаниялар цифрлік хабар тарату жүйесіне көшу үдерісінде өз құқықтарын және мүдделерін барынша тиімді қорғай алады.

• Журналистер мен БАҚ қоғамдық маңызды ақпаратқа қол жетімділігі тиісті заңдардың орындалуын бақылайтын жұмыс топтарына қатысу арқылы жеңілдетіледі. Қажет болған жағдайда, Internews аймақтық серіктестерге қандай ақпарат жариялануы мүмкін екендігі туралы үкімет пен қоғам арасында диалогты бастауға көмектеседі. Ақпаратқа қол жеткізу бойынша үш аймақтық семинарда азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдері басқа елдерде қолданыста жүрген деректер мен ақпаратты пайдаланудың әдіснамасымен таныса алады.

[vc_text_separator title=»Соңғы материалдар«][td_block_big_grid_5 td_grid_style=»td-grid-style-5»]