БайқауларМедианы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға байқау жариялайды

Медианы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға байқау жариялайды

Internews халықаралық ұйымы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде қазақстандық медианың біліктілігін арттыруға арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруатын серіктестер іздейтінін жариялайды.

Серіктестікке кәсіби медиамамандарды оқыту саласында тәжірибесі бар коммерциялық емес не коммерциялық ұйымдар шақырылады.

Оқу үш бағытта жүргізіледі:

  • Мультиформатты бейне-контент өндірісінің теориясы және практикасы, аудиторияны тарту стратегиясы, қиын да күрделі әлеуметтік маңызды тақырыптарды айқындау әдістері, телевизиялық аудиторияны өлшеу әдістемелерін зерттеу;
  • Әлеуметтік өзекті тақырыптарға арналған мультимедиялық сторителлинг форматтары, аудиторияны тарту, материалдарды тарату, метриканы түсіну әдістері;
  • Кез келген түрдегі медиа ұйымдастыруды, медиакомпаниялардың қаржылық тұрақтылығын дамыту және нығайту стратегияларын басқару, ұйымдастырушылық мәдениет және кадрлық әлеует.

Әрбір бағыт шеңберінде бірден үшке дейін оқыту іс-шара өткізу жоспарлануы керек. Серіктес тарап негізгі оқыту іс-шаралары аяқталғаннан кейін 3-4 ай бойына қатысушыларды жетелеу жағынан қамтамасыз етуі керек.

MediaCAMP әлеуетті серіктестері өзінің құзыретіне байланысты бір бағытта, сол сияқты бірнеше бағытта оқу іс-шараларын ұйымдастыруға өтінім бере алады.

Өтінім беруші мыналарды ұсынады:

– оқыту іс-шараларының алдын ала бағдарламасы;
– тренингтер саны және олардың әлеуетті қатысушылар саны;
– оқыту форматтары: тренингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, жетекшілік;
– құзыреті мен тәжірибесі сипатталған жаттықтырушылар тізімі;
– қатысушыларды шақыру және іріктеу әдістемесі;
– оқудан кейін оларды қолдау форматы.

Өтінім берудің соңғы күні: 2019 жылғы 4 наурыз.

Байқау жеңімпаздарын іріктеу екі кезеңде өтеді:

1) өтінім берушінің әлеуетін, медианарық қажеттіліктерін түсінуін, ұсыныстың инновациялығын бағалау. Байқауға қатысушылардың шорт-парағы анықталады.
2) жоба бюджеттерін бағалау, сонымен қатар тренингтер тақырыптарын нақтылау мақсатымен жеке кеңес өткізу.
Сараптамалық кеңес соңғы шешімді 2019 жылдың 15 наурызына дейін қабылдайды.
Барлық оқыту іс-шаралары 2019 жылғы наурыздан бастап қыркүйекке дейін ұйымдастырылуы керек.

Өтінім беру үшін мына сілтеме бойынша онлайн-форманы толтыруды сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефонына немесе kz-info@internews.org. электронды поштасына хабарласыңыз.

Жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы аясында жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи