«Азаматтық журналистер» жобасына қатысу байқауының жеңімпаздары іріктелді

0
4243
гражданские журналисты

«Азаматтық журналистер» жобасына қатысу байқауының жеңімпаздары іріктелді. Internews Kazakhstan ұйымдастырған байқауға барлығы 18 өтінім келіп түсті. Соның алтауы іріктеуден өтті.

Іріктеуден өткен қатысушылар тізімі:

  • «NewTimes.kz» АА
  • inAktau.kz қалалық сайты
  • Қостанай.Медиа
  • «За нами уже выехали» Youtube-каналы
  • Судебный репортаж
  • Qazaq Media Group ЖШС, 7kun.kz АА

Жеңімпаздар төмендегідей қолдауға ие болады:

  • Азаматтық журналистер желісі үйлестірушісінің қаржылық қолдауы;
  • Бастапқы кезеңде желі қатысушыларының қаламақысын төлеуге грант;
  • Құрылған желі үйлестірушілері үшін қашықтан тәлімгерлік көрсету;

Аталған жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияға арналған MediaCAMP медиабағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.