Оқиғалар«Ерлер ел ішінде»: әлемді өзгертетін адамдар хикаясы

«Ерлер ел ішінде»: әлемді өзгертетін адамдар хикаясы

«Ерлер ел ішінде» («Герои рядом») арнайы репортаждарының жаңа бөлімінде Тәжікстандағы еңбегі жемісті спортшы қыздар, салауатты өмір салтын ұстанатын егде кісілер және Қазақстандағы басқа да талантты, табысты, мықты адамдар туралы әңгімелейміз.

Татьяна Исаева, «Океан» клубының жетекшісі, Қостанай

Татьяна Исаева 30 жылдан астам уақыт Рудный қаласындағы (Қазақстан) «Океан» әскери-патриоттық клубында қызмет етеді. Клубқа жылына 12-18 жас аралығындағы 60-тан 90-ға дейін қыз-жігіттер келеді. Клуб тәрбиеленушілері Татьянаны жақсы көреді, еңбегін бағалай біледі және өте құрметтейді. Татьяна олардың шыдамды, елгезек, қайырымды және мықты азамат болып есеюіне көмектеседі.

Тәжікстандағы талантты спортшы қыздар

Тәжікстанда көптеген қыз спортпен кәсіби түрде шұғылданады. Жеңіске де жетіп жүр. Алайда мұндағы қоғам мықты әрі табысты әйелдерді қабылдауға әлі дайын емес. Міне, сондықтан да көптеген қыздың дарыны ашылмай қалып жатады.

Ал біздің репортаждарымыздың кейіпкерлері – осы қалыпқа сыймаған жандар. Олар ешбір қиындыққа қарамастан, мойымастан спорттағы жолын жалғастырып, жеңіске жетіп жүр.

Зейнет жасы – белсенді еңбек ететін жас, Тәжікстан

Қартаю – қайғы ойлайтын жас емес. Жұмысын, хоббиін, ұжымын тастап кететін жас емес. Тәжікстандағы белсенді өмір салтын ұстанатын, шат-шадыман күйде жүретін, өміріне разы зейнеткерлер келесі сюжетіміздің кейіпкерлері айналды. Оларды әріптестері мен шәкірттері жақсы көреді, құрмет тұтады.

Сергей Тымченко – пауэрлифтингтен әлем чемпионы, Теміртау

Сергей Тымченко – Теміртаудың аңыз адамы. Бұрынғы әкім орынбасары – пауэрлифтингтен он екі дүркін әлем чемпионы. Мемлекеттік қызмет саласына 12 жылын арнаған азамат 2015 жылы өмірін күрт өзгертті. Ол спортқа кетті. Сент-Этьен мен Лас-Вегастың спорт сахналарына шығып, талай жеңіске жетті. Жер бетіндегі ең күшті адамдардың біріне айналды. Ол қазір спортклубында жастарды жаттықтырады.

 «Ерлер ел ішінде» жобасының басқа да репортаждарын мұнда жинақталған.

 «Ерлер ел ішінде» жобасы АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен  Қазақстан және Тәжікстандағы «Ақпаратқа қол жеткізу жобасы» – Орталық Азияның өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи