Сот процестері туралы жазатын журналистерге арналған байқау

0
502
стади-тур в Швецию

Internews ұйымы MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде сот процестерінен хабар тарататын журналистер арасында байқау жариялайды. Егер сіз сот процестері және сот қызметі тақырыбына мамандансаңыз, онда сізді 2019 жылдың маусымында Швециядағы білім алу сапарына үміткерлерді іріктеу байқауына қатысуға шақырамыз.

Делегаттар сондағы сот және БАҚ-тың өзара қарым-қатынасын көріп-біледі, журналистердің және судьялардың кәсіби қауымдастықтарымен тәжірибе алмасады, журналист қызметіне этикалық стандарттарды әзірлеу, ендіру және ақпарат даулары мен қайшылықтарын соттан тыс қарау тәжірибелерін зерттейді.

Байқауға қатысу үшін мына онлайн-форманы толтырыңыз.

Өтінімдер 2019 жылдың 23 сәуірі Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Іріктеу комиссиясы өтінімдерді қарап, 2019 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей қандай шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етеді.

Іріктеу критерийлері: сот журналистикасындағы жұмыс тәжірибесінің болуы, сот жұмыстарының қыр-сырын түсіну, алған білім мен ақпараттары қолдануының мұқият ойластырылған стратегиясы, рекомендациялар.

Барлық сұрақ бойынша [email protected] электронды поштасына хат жазыңыз. 
Келіп түскен сұрақтар жауабымен қоса Internews.kz және newreporter.org сайттарының хабарландыру бетінде комментарий түрінде сәтімен жарияланады.

Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азияға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз. Қазақстандағы Internews ұйымы туралы толығырақ мұнда жазулы.