Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі медианы дамытуға қолдау көрсетеді. Аймақта жұмыс істегенімізге 25 жыл болды. Осы аралықта мыңдаған кәсіби журналистерді, операторларды, видеоинженерлерді, редакторларды және менеджерлер дайындадық. Бұл Қазақстанда өз аудиториясына сапалы ақпарат жеткізетін нық орныққан жергілікті БАҚ-дың құрылуына жол ашты.  

Біздің мақсатымыз – аймақтың ақпарат кеңістігін дамыту. Қазір жаңа технологиялар медианарықты тез өзгертіп жатыр. Біз БАҚ-тың ақпарат таратуы үшін жаңа арналарды табуына көмектесеміз. Коммерциялық емес ұйымдармен серіктестік, бұқараны контент жасауға қатыстыру – халық арасындағы түрлі топтардың үнін естуге мүмкіндік жасайды. Internews жобалары ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға, медиамамандардың кәсібилігін арттыруға, медиақұқық пен медиасауаттылықты дамытуға бағытталған. 

Халықаралық үкіметтік емес ұйымның штаб-пәтері Аркатада (Калифорния штаты, АҚШ) орналасқан. Internews Network әлемнің 90-ға жуық елінде жұмыс істейді. Африкада, Азияда, Еуропада, Таяу Шығыста, Латын және Солтүстік Америка елдерінде офистері бар. 

[vc_toggle title=»MediaCAMP»]MediaCAMP бағдарламасы Қазақстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бағдарлама аталған мемлекет аудиторияларының ашық түрде идея-пікір алмасуына, қоғам өміріне белсенді қатысатын адам санының артуына мүмкіндік береді.  Бағдарламаның үш басты бағыты бар:  Медианың маңызды саяси және қоғамдық тақырыптар бойынша теңдестірілген, ақпараттық тұрғыдан мазмұнды және бейтарап материалдар жасауына көмектесу.  Талдап-талғайтын тұтынушы және ақпаратты жеткізуші аудиторияның да медиалық әрі ақпараттық сауатын көтеру. БАҚ-тағы құқықтық ортаны жақсарту.  MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»Ақпаратқа қол жеткізу»]Ақпаратқа қол жеткізу – адамның фундаменталды құқығы. Біздің бағдарлама шалғай елдімекендердегі аудиторияның да сапалы ақпарат алуына мүмкіндік беретін жаңа технологияларды БАҚ-ға ендіруге бағытталған. Internews жобаларына қатысу – тәуелсіз БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін көтеруіне жағдай туғызады. Аймақтағы ынтымақтастық және өзара контент алмасу бағдарлама қатысушыларының бірегей контент әзірлеп, таратуына мүмкіндік береді. Бағдарламаның басым бағыттарының қатарында медиасауаттылықты, цифрлық сауаттылықты арттыру, құқықтық ортаны жақсарту және журналистерге заңдық көмек көрсету бар.  Жоба АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азия аймақтық бағдарламасы аясындағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы»  негізінде Қазақстан және Тәжікстанда жүзеге асады. [/vc_toggle][vc_toggle title=»«Ашық Азия онлайн»»]«Ашық Азия онлайн» танымдық-талдамалы интернет-жобасы Internews өкілдігі тарапынан 2015 жылы Орталық Азияда ашылған. Бұл жоба Орталық Азиядағы оқиғаларды және құбылыстарды насихаттауға, аймақтың әрбір мемлекетіне тән өзіндік процесстерді басқалары үшін танымдық тұрғыдан қызықты етіп әңгімелеуге, сол не басқа бір мемлекетте туындаған, бірақ салдарында көршілес мемлекеттерге әсер етуі мүмкін тенденциялар туралы айтуға арналған.  2019 жылы жоба Орталық Азиядағы тәуелсіз шығарушыларға беріледі.[/vc_toggle]