Аудиторияны қалай тартамыз, қазір монетизацияның қандай әдіс-тәсілдері тиімді, мықты медиабренд жасаудың қажеті не? 2019 жылдың 16-17 мамырында Алматыда MediaWay 2019 – Орталық Азия медиаменеджерлерінің форумы өтті. Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы газет, веб-сайт, телеарна, медиахолдингтердің 50 жетекшісі екі күн бойына медианы дамытудың заманауи тиімді жолдарын талқылады.
Марат Бигалиев, Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігінің директоры: «Орталық Азиядағы озық медиалардың топ-менеджерлерін бір ортаға жинап, басып қосқан мұндай форумды алғаш өткізіп отырмыз. Бұл айрықша мәнге ие іс-шарамыз пайдасын тигізерінен үміттіміз»
Стефани Гарвей, USAID/ОА, басқару және демократия кеңсесінің директоры: «Бұл форумның мақсаты – медиакомпаниялардың тұрақтылыққа жетуіне арналған ең жаңа идеяларды, даму процесін оңтайландыру мүмкіндіктерін бөлісу, талқылау. Форумнан кейін жаңа идеялар мен стратегиялар пайда болатынына сенемін»
Медиатрендтер
Internews медиасарапшысы Ольга Каплина форумға қатысушылардан «Осындағылардың қайсысы соңғы жылдары редакцияның шығындарын оңтайландырып, штат санын қысқартты?» деп сұрады. Залдағылардың жартысы қолын көтерді.
-
Бүгінгі медианарықтағы даму трендтерінің бірі – шығындарды оңтайландыру. Демек, бұл – автоматизация, қашықтан жұмыс істеу, форматтарды енгізу.
Тағы бір тренд – брендинг.
Сарапшылардың айтуынша, бүгінде адамдар жаңалықты қайдан оқығанын көбіне-көп түсінбей жатады.
Сондықтан да медианы тиімді дамытудың маңызды шарттарының бірі, ол – бренд, танымалдығы, абыройы, мәртебесі.
-
Келесі тренд – аудиторияны еліктіру. Хат тарату. Чаттар. Қарым-қатынас. Қосымша контент
-
Эмоцияны басқару – сториз. Жеке адамға бейімдеп, жеткізу.
-
Ақылға қонымды технологиялар – микрофондар. Камералар.
-
Тәжірибе жасау – жаңа медиаформаттарды байқап көріп, солармен жұмыс істеу қажет. Алайда, ескеретін маңызды жайт – еш қайтарымы жоқ әдемі нәрселерді жасау немесе қайтарымы болатын, нәтижеге жеткізетін форматтарды жасау бар.
-
Жаңа форматтар – бәсекеге қабілетті болуыңыздың бір қыры. VR, AR, подкасттар.
-
Виртуал шынайылықтың көмегімен не жасауға болады? Мәселен, адам аяғы жетуі қиын орындарды көрсетуге, өткен шаққа саяхаттауға болады.
-
Контент. Сторителлинг. Хикаяны дәмін кіргізіп жеткізсеңіз, аудиторияны өзіне тартады. Хикая эмоция туғызады.
-
Сарапшылардың пікірі – адамдар сенімді ақпарат алғысы келеді.
-
Контентті өңін айналдырып ұсыну — архивте «шаң басып жатқан» контентке екінші өмір сыйлау.
-
Интерактив.
-
Пікір – адамдардың пікірін айтуына мүмкіндік жасау қажет.
Форумдағы ең ерекше әрі пайдалы сессиялардың бірі – топ-менеджерлердің медиадиагностика және өз медиабизнесін бағалау сессиясы болды.
Александр Ли, Executice coach, тренер: «Сіз қазір қай межедесіз– ұйымыңыздың ең мықты үш қырын сипаттаңыз» деп еді, қатысушылар стикерлерге жауаптарын жазып, жанындағы басқа елден келген әріптестерімен сұрақтың жауаптарын талқылады.
Болашақтың моделі қалай түзіледі? Александр Ли бұл сұраққа былай жауап берді.
«Алға жетелейтін жобалар шынайылықтан емес, арманнан бастау алғанда жұмыс істейді. Қиынның қиыны – қазіргіні ұмытып, болашаққа көз жіберу. Болашақтағы орныңызды көре білу үш негізден тұрады. Біріншісі, сіз шығатын шың – бұл сіздің өзгермеуі тиіс межеңіз. Екіншісі, мақсат. Неге қол жеткізгіңіз келеді? Содан кейін, үшіншісі, құндылықтар. Сіз шыңға кімдермен бірге жүріп, жетуді қалайсыз?»
Инсайттар. Талқылаулар. Өз-өзіне және айналасына сұрақтар. Күтпеген жауаптар.
Newtimes.kz сайтының бас редакторы, Дмитрий Ким: Бұл сессия күнделікті шаруадан бір ауық оқшауланып, медиа стратегиямызды қайта қарауға мүмкіндік берді,-деп ағынан жарылды.
Орталық Азиядағы аудиторияны талдау
Сондай-ақ Орталық Азияның сарапшылары әр елдегі аудиторияның егжей-тегжейлі талдау қорытындысын және аудиторияны өлшеу жүйелерін көрсетті.
Татьяна Старцева, Қазақстан, TNS Kantar: «Біз көптеген өзгерістерді бастап өткеріп жатырмыз. Контентті тұтынушылар қосымша мүмкіндіктері пайда болуды. Мәселен, телевизия желілік көрсетімнің синонимі болудан қалды. Әйткенмен, қазақстандықтардың 72%-ы телевизияны күнделікті қарайды. Бір көрермен күніне 197 минутын арнайды. Интернетке қолданушылар күніне 153 минутын жұмсайды. Соңғы бес жылда видео көретіндердің және мессенджер қолданатындардың үлесі артып келеді. Қалалық аудиторияның басым бөлігі: X ұрпағы – 35-54 жастағылардың 30%-ы, Y ұрпағы – 18-34 жастағылардың 28%-ы, Z ұрпағы – 0-17 жастағылардың 25%-ы, B ұрпағы – 55 жастан асқандардың 16%-ы интернет қолданады»
IMS өкілі Дильмурад Рахимов Өзбекстандағы аудитория туралы айтып берді.
«Өзбекстандықтардың 96%-ы ТВ қарайды. Бұл бір айлық талдау нәтижесі. Олардың 80%-ы ойын-сауық контентін көреді. Өзбекстанда нарық 4 есе өсті. Мемлекеттің әлеуеті ашылып жатыр»
Өзбекстандағы Электронды БАҚ-тың Ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Фирдавс Абдухаликов соңғы екі жылда Өзбекстан медианарығындағы өзгерістерді сипаттады.
Өзбекстан медианарығындағы жағдай медиа және мемлекеттің бірлескен тиімді жұмысын көрсетеді.
2017 жылы Өзбекстанда республикалық деңгейде хабар тарататын 4 жаңа телеарна ашылыпты. 14 мемлекеттік емес телестанция цифрлы хабар таратуға көшкен.
Оның айтуынша, көрермендердің жаңа әрі тың контентке шөліркеп қалғаны байқалыпты. Креативті контент көп жасалып жатыр екен. Айта кетерлігі, Өзбекстан аудиториясы «өздерінің» контентін құп көреді.
Өзбекстанда 60 телеарна жұмыс істейді. Соңғы 27 жылда алғаш рет рейтинг зерттеулер жүргізілген. Зерттеу нәтижесі көш басында үш мемлекеттік емес телеарналардың тұрғанын көрсеткен.
«Қазақстан интернет қауымдастығының» жетекшісі Шавкат Сабиров mediametrics.kz ресурсының деректерін ұсынды.
2019 жылдың сәуірінде Қазақстанда 43 304 жаңалық жарияланыпты.
«Қазақстанда Facebookтің танымал екені — миф. Facebook қолданатын қазақстандықтардың үлесі нарықтың 3-4 %-ынан аспайды» деді Шавкат Сабиров.
Оның көрсеткен деректерінен мәлім болғаны:
- Қазақстанда түрлі оқиғалар туралы контент танымал.
- Тәжікстанда тұтастай алғанда медиаға сұраныс төмен.
- Өзбекстанда онлайн-нарықтың дамуы байқалады.
Тәжікстандағы Sky Сentral Аsia өкілдігінің директоры Шерали Джурабаев (Sherali Djurabaev) еліндегі жарнама нарығының көлемін таныстырды.
Дәл қазіргі таңда Тәжікстандағы жарнама нарығының жалпы көрінісі мынадай:
- 21% – ТВ жарнама
- 4% – онлайн жарнама
- 20% – радио жарнама
- 48% – сыртқы жарнама
Өзбекстандағы Ұлттық медиакеңестің өкілі Фарух Насыровтың сөзінше, 2017 жылға дейін Өзбекстан медиа салалары заманауи халықаралық стандарттарға сай болмаған.
«Медианарығымыз 90-жылдардың басындағы жағдайға ұқсас еді. Бірақ, қателіктерден сабақ ала білдік. Нәтижесінде, медиасаланың өкілдерін «бір дастархан басына жинадық.
Үш негізгі кезеңнен тұратын реформа жүргіздік:
- Өзбекстан Ұлттық кеңесін құру. Медианың салаларын дамыту, мемлекетпен өзара әрекеттесу, салалық стандарттарды қалыптастыру.
- Халықаралық зерттеу агенттіктерін шақыру– телеарналар мен телебағдарламалардың рейтингін жасау, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын енгізу.
- GRP-де тв-жарнаманы сату. Халықаралық инвесторлардың жарнама бизнесін дамытуына жағдай жасау.
Нәтижесінде, нарық ұлғайып, өсіп жатыр. Мысалы, ТВ-нарық өсімі 71%-ды құрады. Қазір Өзбекстанда расымен де алдағы өсімге жол ашатын өзгерістер болып жатыр»
Монетизация
Бір мезгілде бірнеше сессия және пікірталас монетизацияның мүмкіндіктеріне арналды.
«Бумага» медиаресурсының арнайы жобалар жөніндегі директоры Мария Рзаева аудитория талап-тілегіне қарай Санкт-Петербордағы ең танымал онлайн-медиалардың біріне жататын «Бумага»-ның форматтар кестесі және контенті қалай түзілетінін айтып берді.
Медианың алғашқы қадамдары:
- Мәселелерді нақтылап, оны шешудің KPI—ін жасадық.
- Онлайн-медианың құралдарын баптадық.
- Деректерді алдық.
- Сол деректерді қолдануға тырыстық.
- Бастапқы мәселелерге тап келдік.
- Барлығын басынан жасап шықтық.
Медиа қандай құралдарды қолданады?
- Google Analytics, «Вебвизор», «Медиатор» — қолданушының талап-тілегін, келу-кетуін бақылайтын, өлшейтін негізгі метрикалар осы.
- Әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілердің ішкі құралдары және Popster. Өсімді, қауымдастық ішіндегі белсенділікті және сайтқа өтуді тіркейді.
- Хаттар. Google Analytics, MailerLite және ClowdPayments аналитикасы. Жазылуды, жазылудан бас тартуды, сілтемеге өтуі, қолданушының келу жолдарын тіркейміз.
- Іс-шаралар. Google Analytics, TimePad. Қолданушының жолы, оларды іс-шараның қонағына айналдыру, тіркелуге тарту, хаттар статистикасы.
HOLA News Kazakhstan порталының бас редакторы Гульнар Бажкенова медианың зерттеу жүргізуіне жәрдемдесетін краудфандинг тәжірибесі туралы әңгімеледі. 2019 жылдың мамырында HOLA News журналистері StartTime краудфандинг платформасында қаржы жинауды бастады.
Мақсаты – Атыраудың су айдындарында балықтардың жаппай қырылуын зерттеу. Нәтижесінде, жарты сағат ішінде қажетті сома жиналды.
«Қажет соманың өте тез жиналуын еш күтпедік. Адамдар тәуелсіз пікірді естігісі келді. Біз бес күн ішінде жинауды жоспарлар, сонша мерзімге жариялаған едік. Бірақ, жарты сағат ішінде қажет сома жиналды» деді Бажкенова.
Краудфандинг кампаниясын жүргізу барысында маңыздысы не?
- Оқырманның көмектесуіне ықыласын оятуыңыз қажет.
- Абсолют ашықтық маңызды.
- Бір жаққа баруды жоспарласаңыз, билет бағасына мән беріңіз. Баға өзгеруі мүмкін.
- Бұл – қайырымдылық емес. Сіз адамдарға қандай да бір қайтарым сый ұсынуыңыз керек. Бұл – инвестиция, ал адамдар – сіздің инвесторлар.
HOLA News қызметкерлері кітап сыйлап, кампанияға қатысқандарға арнап шеберлік сабақтарын өткізді.
Дана Дауленбаева, Орталық Азияның жарнама қауымдастығы:
«Қазақстанның барлық медиаарналарындағы жарнаманың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды. 16%-ы онлайнға тиесілі. Қазір Қазақстанда Instagram рекорд «бұзып»жатыр. Егер біз жастар аудиториясының назарына ілінгіміз келсе, онда жарнамашылар онлайн-каналдарды сырт айналып өте алмайды»
Виталий Савков, Vi Digital Казахстан:
«Меніңше, бүгінде медиа үшін ұтымды стратегия – демеуші табу. Бұл – құрал. Контент тазалығын, адалдық тепе-теңдігін сақтау маңызды. Контент – патша. Қолданушы контентке келеді, жарнама беруші қолданушының соңынан келеді»
Гульнора Амиршоева, «Вечерний Душанбе» ЖШО:
«2011 жылы еш табыс таппай жатқанымызды түсіне бастадым. Аудиторияға жаңалықтардан жариялаудан бөлек, іс-шаралар өткізуге шешім қабылдадық. Бұл бізге де аудиторияға да ұнады. Біздің ивенттеріміздің барлығы да «шын жүректен» шығады»
PurNur жарнама агенттігінің директоры Лайло Тогаева журнал шығаратын команданың іс-шаралар ұйымдастыруға ауысып, агенттік құруы туралы айтты.
«Мұның құпиясы қаржы қажеттігі туындаған не іздеу керегін түсіну. Біз барлығын да өте жақсы деңгейде жасаймыз. Бұл бізге сенетін, бізбен бірге болатын қауымдастық құруымызға көмек етті»
Сунгат Утебулатов, AIR:
“Үш жыл бұрын телеарналардың көбі Youtube-қа күмәнмен қарайтын. Қазір жағдай өзгерді. Барлық жас аудитория онлайнға айналды»
Ольга Захарова, медиаменеджер, Украина:
«Біз медиа туралы айтқанымызда, аудиторияны сатуды меңзейміз. Репутация, креатив – медианың қосымша құндылықтары«
https://www.facebook.com/InternewsKazakhstan/videos/312723052951810/
MediaWay 2019 – Орталық Азия медиаменеджерлерінің форумын АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен жүзеге асатын Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Internews Network халықаралық ұйымының өкілдігі ұйымдастырды.