БайқауларАлматыда медиасауаттылық тренерлерін дайындайтын тренинг өтеді

Алматыда медиасауаттылық тренерлерін дайындайтын тренинг өтеді

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы 29-30 маусым күндері Алматыда «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізеді. Тренингке медиа саласының мамандары, журналистер және жоғары оқу орнының оқытушылары қатысады.

Тренинг қатысушыларының жол және жатын орын шығындарын ұйымдастырушылар өтейді. Орын саны шектеулі болғандықтан, қатысушыларды байқау арқылы іріктейді. Байқауға қатысу үшін мына сілтемедегі онлайн-өтінімді толтырады. Өтінім жібергендердің арасынан 15 қатысушы іріктеледі.

Тренинг қатысушылары алған білімдерін өзі тұратын өңірдегі медиа белсенділер, студенттер және журналистермен бөліседі. Бұл үшін 90 минуттық үш тренинг өткізеді.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ескертуінше, онлайн-өтінімді толтыра отырып әрбір өтінім иесі өзі жайлы ақпаратты тренингке қатысушыны іріктеуде қолдануға келісім бергенін растайды.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылай қолдауымен Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігінің Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.

ПОХОЖИЕ МАТЕРИАЛЫ

spot_img

Популярные статьи